24.04.2019
2023 cапарлар
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен мемлекеттің қолдауы аясында Ақтөбе облысының 1 200-ден астам тұрғыны қоныс тойын атап өтеді

Осы жылы жағдайы төмен отбасылар мен әскери қызметкерлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің көмегімен жеңілдетілген шарттар бойынша өз баспаналарына қол жеткізе алады. 

Тұрғын үйді сатып алудың механизмдері жөнінде Ақтөбе қаласында өткен баспасөз-конференциясы барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова баяндады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бір бағыты – тұрғын үйді сатып алу үшін жағдайы төмен отбасыларға несие беру бағдарламасы бекітілу үстінде. Бұл бағдарлама 2019 жылдың мамыр айында іске қосылады. Ол көпбасылы отбасыларды, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі және кәмелет жасына толмаған балалары бар отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олар үшін бастапқы жарна мөлшері пәтер бағасының 10%-ын құрайды, ал заем бойынша мөлшерлеме 2%-ға тең. Несие беру мерзімі 20 жылға дейін.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 мамырынан бастап әскери қызметкерлерге арналған жаңартылған бағдарлама іске қосылады. Оның шеңберінде ең төменгі бастапқы жарна ретінде пәтер бағасының 15%-ы қолында бар тұрғын үй төлемдерін алушылар жылдық 8%-бен заем алуларына болады. Бұған қоса, баспана таңдау кезінде ешқандай шектеу қойылмайды, яғни, олар пәтерді жаңа үйден немесе қайталама нарықтағы тұрғын үйлерден сатып ала алады. Сондай-ақ, бұрынғыдай баллдық жүйе бойынша үміткерлер тізімі жасақталмайды. Бағдарламаға жеке басында үйі бар әскери қызметкерлердің де қатысуларына болады.

-Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүзеге асыратын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі азаматтардың барлық санаттарын қамтуға, және де ешқандай артық төлем мен аса үлкен несие ауыртпалығынсыз өз баспаналарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған сай, биыл Ақтөбе қаласында жеңілдетілген бағыт бойынша өздерінің жалдамалы үйінен алғашқы 600 жағдайы төмен отбасы көшетін болады. Ал тағы 600 пәтерге әскери қызметкерлер, әкімдік кезегінде тұрғандар, балалар үйінің түлектері мен жас мамандар қоныс аудармақ.Олардың бәріне мемлекет пен банк «Нұрлы жер» мен «Өз үйім» бағдарламалары аясында қолдау көрсетеді, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Жалпы, қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде Ақтөбе облысының әр 9 тұрғыны өз баспанасына арнап қаражат жинақтауда. Аймақтағы банктің депозиттік портфелі жалпы жинақтау сомасы 49,2 млрд теңгені құрайтын 98 мың салымшыдан тұрады. Жеткілікті дәрежеде жинақ қаражаты бар салымшылар осы жылы Ақтөбе қаласында пайдалануға беріледі деп жоспарланған қосымша 1 340 пәтер бойынша өз өтініштерін берулеріне болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің болжамы бойынша биыл шамамен 3 000 адам қоныс тойларын атап өтеді. Олардың қатарында бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшысы Ләззат Ибрагимованың қолынан пәтер кілтін алған жаңа баспана иелері де бар.

Аймақ тұрғындары «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында 6 жыл өткеннен кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үйде тұратын болады. Осы уақыт аралығында пәтер иелері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозиттерінде пәтер бағасының 50%-ын жинаулары қажет. Ол үшін шотқа ай сайын орташа есеппен 35 000 теңгеден салып тұру керек. Одан кейін қалған 50%-ын банк жылдық 4,2% мөлшерлемемен несиеге беретін болады.

Соңғы жаңалықтар
15.07.2026
Нақты ақша-несие жағдайлары қатаң күйінде сақталып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың қаңтар — маусым айларындағы Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын ұсынады.
13.07.2026
Сарапшылар ақша-несие саясатына қатысты болжамдарында әзірге сақтық танытып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы шілдедегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
10.07.2026
Шағын бизнестің жаңа берілген несиелердегі үлесі 38,4%-ға дейін төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
03.07.2026
Орта бизнеске берілген несиелер 65,4%-ға өсті — барлық сегменттер арасындағы ең үздік көрсеткіш
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелерге шолуды ұсынады.
24.06.2026
Ірі бизнес бойынша орташа несиелік өтінім 80%-ға — ₸18,8 млрд-қа дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру туралы шолуын ұсынады.
18.06.2026
Автонесиелеуге сұраныс 11%-ға, ал берілу көлемі 18%-ға қысқарды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның автонесиелеу нарығына жасалған шолуды ұсынады.