01.09.2022
8601 cапарлар
Нұрбанктің сенімділік рейтингі тұрақтылық болжамымен «В-/В» деңгейінде расталды

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Нұрбанк» АҚ-ның ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік кредиттік рейтингін «В-/В» деңгейінде деп растады, болжам – «Тұрақты», сондай-ақ ұлттық шәкіл бойынша ұзақ мерзімдік рейтингі «kzBB-».

Агенттік банктің 2022 жылы капиталдың жеткіліктігіне қатысты талаптар бойынша барлық нормативтік талаптарды молынан орындап жатқанын, банктің қорландыру және өтімділік көрсеткіштері банктік жүйенің орташа көрсеткіштеріне және қазақстандық қаржылық ұйымдардың ұқсас көрсеткіштерімен сәйкес келетіндігін атап өтті.

«Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрайымының м.а. Алексей Мажуга: «Нұрбанк» АҚ сенімділік рейтингінің «В-/В» деңгейінде расталуы,  болжамның – «Тұрақты» болуы Нұрбанктің бизнесті дамыту стратегиясының тиімді екенін көрсетеді. Жыл басынан бері Нұрбанктің шағын және орта бизнесінің кредиттік қоржыны 8,23%-ға, бөлшек сауданың кредиттік қоржыны 10%-ға, корпоративтік кредиттік қоржын 6,9%-ға  өскен. Бұдан былай бөлшек сауда бағытын дамытуға күш саламыз, қазақстандық нарықтың қажеттілігін есепке ала отырып, банктік өнімдердің желісін жетілдіреміз» - деді.

Анықтама: банктің 01.08.2022 ж. активтері 469,8 миллиард теңгені, депозиттік қоржынын - 344,4 миллиард теңгені (1,6 %-ға артқан), несие қоржыны – 266,4 миллиард теңгені құрайды, жыл басынан бері стандартты қоржыны 16,2 миллиард теңгеге немесе 7,6%-ға артқан, проблемалы қоржыны 9,2 миллиард теңгеге немесе 19,5%-ға төмендеген. Банктің таза пайдасын 2,6 миллиард теңге құрады. Банк тұрақтылығының басты көрсеткіші болып табылатын капиталдың жеткіліктілік деңгейі реттеуші белгілеген нормативтен 2 есеге асып түскен.

«Нұрбанк» АҚ-ның баспасөз қызметі
media@nurbank.kz

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.