08.07.2022
7398 cапарлар
«Евразия» СК ТМД елдеріндегі S & P ең жоғары рейтингіне ие

4 шілде 2022 ж., Алматы. - Standard & Poor's Халықаралық агенттігі «Евразия» сақтандыру компаниясының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты». Сарапшылардың пікірінше, күрделі операциялық жағдайларға қарамастан, Компания Қазақстандағы ең тұрақты компаниялардың бірі ретінде қалып отыр.

«Евразия» СК Standard & Poor's агенттігінің шкаласы бойынша ТМД елдерінде ең жоғары кредиттік рейтингке ие, оның ішінде Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір саты жоғары. Ұлттық шкала бойынша компанияның кредиттік рейтингі «kzAAA» деңгейінде сақталды.

«Евразия» Компаниясы қазақстандық сақтандыру нарығының даусыз көшбасшысы ретінде қалып отыр, сондай-ақ Халықаралық қайта сақтандыру нарығында қатысуын ұлғайтуды жалғастыруда. «Евразия» үлесіне жалпы сақтандыру бойынша компаниялар активтерінің 37% және өмірді сақтандыру бойынша компанияларды есепке алғанда нарықтың 25% сәйкес келеді.

«Негізі, жақсы атақ – кез келген бизнесте ең басты нәрсе. Біз айналада ықтимал орын алатын ең қолайсыз оқиғалар кезінде компанияның жоғары тұрақтылық дәрежесін растайтын S&P шешімін бағалаймыз. Тіпті қорқынышты жағдай орын алатын болса да және Қазақстанда әлемге әйгілі бургерлік франшиза жабылса да, «Евразия» барлық міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асыра алады. Біздің бизнесіміз аяғымен нық тұр: біреуімен – Қазақстанда, екіншісімен – Халықаралық қайта сақтандыру нарығында», - деп «Евразия» СК басқарма төрағасы Борис Уманов агенттіктің шешіміне түсініктеме берді.

Жылдың алғашқы бес айында «Евразия» шетелдік сақтандыру компанияларынан қайта сақтандыру шарттары бойынша 28,4 млрд теңгеге сыйлықақылар немесе бейрезиденттердің барлық сыйлықақыларының 86,67% қабылдады.

«Евразия» жарғылық капиталын арттыруды жалғастыруда, оның мөлшері 2022 жылғы 1 маусымда 177 млрд теңгеге жетті, бұл жалпы сақтандыру компаниялары арасындағы барлық капиталдың жартысына жуығын құрайды. «Евразия» СК капитал қорының арқасында ел ішінде де, одан тыс жерлерде де туындайтын барлық ықтимал тәуекелдерді толығымен баса алады. S & P бағалауы бойынша компанияның капиталдандыру көрсеткіштері «ААА» санатына сәйкес келетін деңгейден едәуір асады.

Анықтама үшін:

«Евразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ Қазақстандағы ірі сақтандыру ұйымы болып табылады, жалпы ерікті және міндетті сақтандыру қызметтерін көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалар үшін денсаулықты, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сақтандыруды жүзеге асырады. Өмірді сақтандыру «Евразия» ӨСК» АҚ еншілес ұйымы арқылы жүзеге асырылады. Компанияның офистері Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналасқан және ел бойынша 33 бөлімшелері мен филиалдары бар. Ұлттық Банктің деректері бойынша, компанияның активтері 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 400 млрд теңгеден асты, ал меншікті капиталы 209 млрд теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар
26.02.2026
Сауда профициті ЖІӨ-нің 4,6%-ына дейін төмендеді: ағымдағы шотқа түсетін қысым күшейіп келеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарыңызға Қазақстанның 2025 жылғы тауар айналымы бойынша шолуды ұсынады.
18.02.2026
Өңірлер бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің ену деңгейі теңесіп келеді
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылға арналған банк карталары арқылы жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялар статистикасына шолуын ұсынады.
12.02.2026
Бюджет мұнай тәуелділігінен біртіндеп арылып келеді, бірақ борыштық жүктеменің артуына тап болуда
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға Қазақстан Республикасының 2025 жылғы бюджет теңгеріміне қатысты шолуды ұсынады.
12.02.2026
Аннуитеттік және жинақтаушы сақтандыру өнімдері ӨСК сегментіндегі сақтандыру сыйақыларының жартысынан астамын қалыптастырады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылғы Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына жасалған шолуды ұсынады.
11.02.2026
Бір жылдан кейінгі күтілетін инфляцияның орташа бағалауы бұған дейінгі 11,4%-дан 11,6-ға дейін өсті
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы нарықтың кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылғы ақпанда кейбір индикаторларға қатысты жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.
05.02.2026
Банктер қымбат қаржы ресурстарына, салықтық жүктеменің артуына және реттеуші шектеулерге бейімделіп жатыр
ҚҚҚ Талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы банк секторына шолуын ұсынады.