21.07.2025
1036 cапарлар
S&P "Еуразия" СК рейтингін "BBB"деңгейінде растады

2025 жылғы 18 шілде, Алматы қ. – Агенттігі «Евразия» сақтандыру компаниясының «ВВВ» деңгейіндегі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін, «Тұрақты» болжамын растады. Компания капиталдандырудың жоғары деңгейін сақтауды жалғастыруда және халықаралық қайта сақтандыру нарығында өзінің қатысуын арттыруда.

«Евразия» СК рейтингі тек сақтандыру секторында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның егемендік рейтингінен бір саты жоғары деңгейінде қалып отыр. Агенттік сондай-ақ «Евразия» СК-ның ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzAAA» деңгейінде растады. 

«Биыл «Евразия» сақтандыру компаниясы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде және еліміздің сақтандыру секторының көшбасшысы ұстанымын сақтап отыр, мұны үнемі өсіп келе жатқан қаржылық көрсеткіштер ғана емес, халықаралық сарапшылардың тұрақты бағалаулары да айғақтайды. «Евразия» СК Қазақстандағы ірі қаржы қызметтерін экспорттаушылардың бірі және сақтандыру компаниялары арасында ең ірісі болып табылады. Өткен жылы біз Қазақстан экономикасына қайта сақтандыру сыйлықақылары түрінде $170 млн-нан астам қаржы тарттық, бұл бүкіл қаржылық экспорттың шамамен 14%-ын құрайды», – деп «Евразия» СК басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев агенттіктің шешіміне түсініктеме беріп өтті.

S&P агенттігінің талдаушылары «Евразия» СК-ның меншікті капиталының жеткіліктілік деңгейін тұрақты түрде жоғары бағалап, оны компанияның ең мықты жақтарының бірі ретінде атап өтуде. Мұндай стратегия компанияға сенімді сақтандыруды тек Қазақстан ішінде қамтамасыз етіп қана қоймай, ірі халықаралық клиенттерді тарта отырып, сақтандыру қызметтерін шетелге табысты экспорттауға мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық банкінің өзекті деректері бойынша «Евразия» СК негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша сақтандыру нарығында көшбасшы ұстанымын сақтап отыр. Осылайша, компанияның үлесіне жалпы сақтандыру компаниялары арасындағы активтердің 43,8% немесе 652 млрд теңгеден астамы тиесілі. Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында компания 103 миллиард теңгеден астам сақтандыру сыйлықақыларын жинап, 37,6 миллиард теңге көлемінде төлемдер жүргізді. Бұл жалпы сақтандыру нарығының сәйкесінше 28% және 33%-ын құрайды. 

Байланыстар үшін:

"Еуразия" СК баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 258 43 36
E-mail: press@theeurasia.kz

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.