13.12.2024
9010 cапарлар
S&P агенттігі Freedom Holding Corp. компаниясының төрт еншілес компаниясына ұзақ мерзімді рейтингтерін көтерді

2024 жылғы 12 желтоқсан, Алматы – Халықаралық S&P Global Ratings агенттігі «Фридом Финанс» АҚ-тың, Freedom Finance Global PLC-дің, Freedom Finance Europe Ltd-нің және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «В»-дан «В+»-ке дейін көтеріп, олардың қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «В» деңгейінде растады. Ұлттық шкала бойынша «Фридом Финанс» АҚ пен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері «kzBBB-»-тен до «kzBBB»-ға дейін көтерілді. Freedom Holding Corp. компаниясының рейтингі «В-» деңгейінде расталды.

«Біз баланстың өсуінің жоспарланған орташа қарқыны дереккөздер бойынша және географиялық тұрғыдан әртараптандырылған күшті кіріс көрсеткіштерімен бірге Freedom компанияларының капиталдандыру көрсеткіштерін қолдайды деп күтеміз. Топ әр түрлі юрисдикцияларда жұмыс істейтін көптеген еншілес компаниясы бар үлкен топқа қатысты өзінің жалпы тәуекелдерді басқару және сәйкестік жүйесін біртіндеп құруда», – деп атап өтті S&P Global Ratings есебінде.

Freedom Holding Corp компаниясының және оның негізгі операциялық еншілес компанияларының рейтингі бойынша «Тұрақты» болжамдар S&P-нің Қазақстандағы экономикалық және салалық тәуекелдердің төмендеуі және реттеуші органдар тарапынан қадағалаудың күшеюі аясында алдағы 12 айда олардың бизнес портфелінің және қаржылық көрсеткіштерінің тұрақтылығына қатысты болжамын көрсетеді. Бұдан басқа, топ тәуекелдерді басқару және комплаенс жүйесін күшейту бойынша қабылдайтын шаралар, сондай-ақ капиталдандыруды қолдауға тиіс өсудің жоспарлы орташақарқыны ескерілді.

Бұған дейін S&P Global Ratings «Freedom Finance Insurance СК» АҚ-тың рейтингін «В+»-тен «ВВ-»-ке дейін, «тұрақты» болжамы, ұлттық шкала бойынша «kzBBB+»-тен «kzA-»-ке дейін көтерді.

Анықтама:

Freedom Holding Corp. әртараптандырылған қаржылық қызмет көрсететін компания, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен және консудьтация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациялармен, авиабилеттер мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысады, онлайн супермаркет қызметтерін және басқаларын ұсынады. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, 7,5 мыңнан астам қызметкері бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқаларын қоса алғанда 22 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен сауда жасайды.

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.