11.07.2022
13889 cапарлар
Сбер Қазақстандағы Сбербанктің басқарма құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы хабарлайды

11 шілде 2022 ж. – «Сбербанк» АҚ ЕБ Директорлар кеңесі Қазақстандағы Сбербанктің басқару тиімділігін нығайту мақсатында банктің басқарма құрамын кеңейту туралы шешім қабылдады. Енгізілген өзгертулерді ескергенде, басқарма алты адамнан құралады.

«Сбербанк» АҚ ЕБ-ның жаңа басқарма төрағасы болып Нұрсұлтан Тасқаранов тағайындалды.

Нұрсұлтан Ғабділ-Мәжитұлы Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетін тәмамдап, жоғары буын басшыларды дамыту бағдарламасы  бойынша (LBS және INSEAD-пен бірлесіп) білім алды. Банк жүйесінде 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, Сбербанктегі қызметін 2002 жылы Ресейдегі Сбербанктің Магнитогорсктегі бөлімшесінде аға экономист болып бастады. 2012 жылдан бастап «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында еңбек етті.

Сондай-ақ басқарма төрағасының орынбасарлары лауазымына төмендегі тұлғалар тағайындалды:

  • Магомед Гулаев – жаңа лауазымда банктің бөлшек блогы жұмысына жауап береді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономист-финансист» мамандығы бойынша бітірді. Банк жүйесінде 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 2017 жылдан бастап Қазақстандағы Сбербанкте бөлшек бизнес бағытына жетекшілік жасады. 

  • Анастасия Овсянникова – қаржы және операциялық блокқа жетекшілік етеді.

Алматы технология және бизнес институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша үздік тәмамдады. Банк жүйесінде 22 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Қазақстандағы Сбербанкке 2013 жылы Ірі клиенттер департаментінің Клиенттік менеджерлер басқармасы бастығының орынбасары лауазымына келді, 2018 жылы банктің Қаржы департаментінің Директоры қызметіне тағайындалды.  2019 жылы Сбербанктің Корпоративтік университетінде MBA дәрежесін алды. Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы «Үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен марапаттады.

  • Владимир Савченко – жаңа қызметінде құқықтық және әкімшілік-шаруашылық блокқа жетекшілік жасайды, сондай-ақ проблемалық активтермен жұмыс жүргізеді.

Жоғары заң білімі және МВА дәрежесі бар. Банк жүйесінде 22 жыл еңбек етуде, оның 8 жылы Қазақстандағы Сбербанкте банктің Заң басқармасының директоры лауазымында қызмет атқарды.

Георгий Аракелян және Александр Титов басқармадағы жұмыстарын жалғастырады.

«Әріптестерімді жаңа қызметтерімен құттықтаймын. Еншілес банктің ішінде жүріп, сондай-ақ одан бөлек жерлерде алған кәсіби дағдылары мен тәжірибелері қазақстандық клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейде сақтап қалуға көмектесетініне сенімдімін.Командағы сәттілік тілеймін», - деді аға вице-президент, Sberbank International блогының басшысы Тимур Козинцев.

«Сбербанк»АҚ ЕБ Баспасөз қызметі

E-mail: press@sberbank.kz

Тел.: +7(727) 266 35 68 вн. 600-351, 502-466

www.sberbank.kz

Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
Экспорттың озыңқы өсуі аясында Қазақстанның сырты саудасы қалпына келді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 7 айындағы Қазақстанның тауар айналымы бойынша шолуын назарларыңызға ұсынады.
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.