02.05.2019
1746 cапарлар
Сбербанк Қазақстан 2019 жылдың 1 тоқсанында 16 млрд теңгеге кәсіпкерлерді қаржыландырды

Сбербанк Қазақстан 2019 жылдың 1 тоқсанында шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдерін қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында 16 млрд. теңгеден асатын жалпы сомаға 409 кәсіпкерді қаржыландырды.

Банк негізінде азық-түлік өнімдерінің, автомобиль бөлшектерінің, фармацевтикалық дәрі-дәрімектердің өндірісі  сияқты өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы жобаларды қаржыландырды. Бұл қаражаттан өңдеуші өнеркәсіп саласын кредиттеу бағдарламасы аясында 4 млрд теңгеден асатын сомаға 126 заемшының жобасы қаржыландырылды.

"Сбербанк мемлекеттік қолдау бағдарламаларының зор мүмкіндіктерін пайдалана отырып жеке кәсіпкерлік бағдарларын нығайтуға мүдделі, - деп айтты "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов.  - Түрлі салаларды қаржыландыра отырып, біз дайын өнім шығару және қызмет көрсету салаларын кеңейту бойынша нақты жобалар жүзеге асырылатын ШОБ-ті дамытуға инвестициялаудың нәтижелерін бағалай аламыз. Нәтижесінде аталған шаралар аймақтар экономикасын нығайтуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, еңбек өнімділігін көбейтуге оң әсерін тигізіп, халықтың әл-ауқатын арттыруда».

"Сбербанк" АҚ ЕБ «Бизнестік жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы  аясында кредиттеу көлемі бойынша қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Осылайша, осы жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 526 млрд теңгеден асып түсті.

Сбербанк Қазақстан  қазақстандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсене қатысқаны үшін бірнеше жыл қатарынан «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының марапатына ие болды. 

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.