03.07.2019
1786 cапарлар
Сбербанк "Астана" АХҚО-да өз бөлімшесін ашты

Сбербанк Қазақстан Astana Financial Day аясында "Астана" Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өзінің қызмет көрсету орнын ашты.

Салтанатты ашылу кезінде банк клиенттері мен қонақтарына заманауи жабдықтар кешенімен жабдықталған цифрлік кеңсенің инновациялық мүмкіндіктері таныстырылды.

"Қазақстанның қаржы саясаты мемлекет кәсіпкерлері мен шетелдік инвесторларға неғұрлым сапалы қызмет көсрету бағытында дамуына байланысты біз "Астана" Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) оның қатысушыларын банктік қызметтердің барлық желісімен қамтамасыз ету мақсатында жаңа бірегей цифрлік кеңсе аштық. Біз әрқашан өзіміз ұсынатын қаржы технологияларының саласын үнемі жетілдіремуз, олар бизнесті жүргізуді жеңілдетуге және клиенттеріміз күткеннен де асып түсуге бағытталған жаңа құралдармен үнемі толықтырылып отырады", - деп айтты "Сбербанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасы Александр Камалов.

АХҚО-да құрылымдық бөлімше ашу мақсаты - қазақстандық және шетелдік компанияларды ең заманауи, сенімді және тиімді банктік құралдармен қамтамасыз ету болып табылады. Сбербанктің жаңа цифрлік кеңсесінде қаржы қызметтерін көрсетудегі инновациялық тәсіл қолданылады. Заманауи жабдықтар кешенімен жабдықталған құрылымдық бөлімше консерваторлардан бастап заманауи гаджеттердің қолданушыларына дейінгі түрлі клиенттер тобының қажеттіліктеріне бейімделген.

Жаңа digital-кеңсенің қолайлылығы Сбербанк клиенттерінің қаржы орталығынан шықпай-ақ банктік қызметтер бойынша толық кеңес алып, сондай-ақ қажет жағдайда қашықтықтан қызмет көрсету каналдарына қосыла алу мүмкіндігінде. Бұл басымдықтарға ең бірінші болып Сбербанктің жаңа алаңының салтынатты ашылуына қатысқан клиенттер мен қонақтар лайықты бағасын бере алды.

Сбербанк Қазақстан өзінің құрылымдық желісін әрі қарай кеңейтуді жоспарлауда, 2019 жылдың соңына дейін Атырау, Нұр-Сұлтан, Теміртау қалаларында бөлімшелер ашылады.

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.