30.11.2018
1668 cапарлар
Сбербанк кепілдік кредиттерді комиссиясыз қайта қаржыландыруды ұсынды

Сбербанк теңгеде алынған  кепілдік заемдарды комиссиясыз және төмен пайыздық мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды іске қосты. Қайта қаржыландыру бағдарламасына ипотекалық кредиттер мен кепілге жылжымайтын мүлік қойылған барлық кредиттер қатысады.

"Бүгінгі таңда Біз кепілдік кредитті комиссиясыз және төмен пайыздық мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды ұсынатын Қазақстандағы бірден-бір банкпыз. Біз қазақстандықтардың қарыздық жүктемені төмендететін қолайлы талаптары бар өнім алуды қалауын түсінеміз, – деп айтып өтті  "Сбербанк" АҚ ЕБ Бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Жанаргуль Изимова. – Сондықтан Сбербанкте клиенттерге бар заемдар бойынша ай сайынғы төлем сомасын төмендетуге, ал босатылған қаражатты өзге де отбасылық бюджет шығындарына жұмсауға мүмкіндік беретін қайта қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды".

Қайта қаржыландыру кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету, немесе кредиттеу мерзімін ұзарту және де, әрине, ай сайынғы төлемді азайту есебінен қарыздық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заем бойынша төлемді оңтайландыру үшін клиентке әр түрлі қазақстандық банктердегі бірнеше кредиттерді біріктіру бойынша опция қолжетімді болып табылады.

Қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалар, сондай-ақ Сбербанк қызметін пайдаланатын компаниялардың 21 жасқа толған қызметкерлері қатыса алады. Еңбекақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңгеден кем болмауы керек.

Сбербанкте кепілдік заемдарды қайта қаржыландыру енді комиссиясыз, теңгеде 14,6% (СЖТМ 15,6% бастап) мөлшерлемемен жүзеге асырылады.

Өнім туралы толығырақ сілтемесі бойынша біле аласыз.

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.