18.03.2019
1647 cапарлар
Сбербанк Жамбыл облысында күнбағыс майы өндірісі бойынша жобаны қаржыландырды

Сбербанк "Даму" КДҚ" АҚ-мен бірлесе отырып, Жамбыл облысында "Богатое" күнбағыс майы өндірісі бойынша жобаны қаржыландырды. Қаржыландыру мақсаты - күнбағыс майы өндірісі үшін қосымша жабдық сатып алу.

"Азық-түлік өнеркәсібін дамыту республика экономикасы үшін басым міндеттердің бірі болып табылады және Сбербанк әрқашан  болашағы зор жобаларды қолдауға дайын, - деп атап өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөнідегі орынбасары Ельдар Тенизбае. - Күнбағыс майы өндірісін кеңейту аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізеді. Біз үлкен дайындықпен бұл жобаны қолдадық, ол елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Жеке кәсіпкер Болат Есенбаев өз қызметін 2004 жылы "Шымкентмай" АҚ компаниясында өсімдік майын сатудан бастаған. 2006 жылы ол өзінің жеке 2 өндірістік базасын іске қосты. Бүгінгі таңда Болат Маратович Жамбыл облысында сатылатын "Богатое" күнбағыс майын шығарады. Сбербанк пен "Даму" ҚДҚ" АҚ-ның 74 миллион теңге сомасына қаржылық қолдауының арқасында кәсіпкер күнбағыс майының өндірісін айтарлықтай арттыру үшін қосымша жабдық сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

"Біздің кәсіпорын жоғары сапалы күнбағыс майын шығарады, осының арқасында сатып алушылардың сұранысы артуда", - деп айтады кәсіпорын басшысы Болат Есенбаев - Біз өнім сапасын сақтай отырып, шығарылым көлемді арттырғымыз келеді. Сбербанк пен  "Даму" ҚДҚ" тарапынан қаржылық көмек алып, біз кәсіпорнымыздың жабдығын жетілдіре және жаңарта аламыз. Бұл біздің кеңейіп келе жатқан кәсіпорнымыз үшін үлкен қолдау.

Жобаны қаржыландыру "Бизнестің жол картасы -2020" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына септігін тигізеді және қазақстандық нарықтың шетелден сатып алудан тәуелділігін азайтып, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.  

Соңғы жаңалықтар
15.07.2026
Нақты ақша-несие жағдайлары қатаң күйінде сақталып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың қаңтар — маусым айларындағы Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын ұсынады.
13.07.2026
Сарапшылар ақша-несие саясатына қатысты болжамдарында әзірге сақтық танытып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы шілдедегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
10.07.2026
Шағын бизнестің жаңа берілген несиелердегі үлесі 38,4%-ға дейін төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
03.07.2026
Орта бизнеске берілген несиелер 65,4%-ға өсті — барлық сегменттер арасындағы ең үздік көрсеткіш
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелерге шолуды ұсынады.
24.06.2026
Ірі бизнес бойынша орташа несиелік өтінім 80%-ға — ₸18,8 млрд-қа дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру туралы шолуын ұсынады.
18.06.2026
Автонесиелеуге сұраныс 11%-ға, ал берілу көлемі 18%-ға қысқарды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның автонесиелеу нарығына жасалған шолуды ұсынады.