07.11.2018
1666 cапарлар
Сбербанк Brand of the Year от World Branding Awards сыйлығының жеңімпазы атанды

Лондонда өткен World Branding Awards рәсімінде Сбербанк банктер категориясында жыл бренді деп танылды. Brand of the Year сыйлығының жеңімпаздары әлемнің көптеген елдерінде тұтынушылардың дауыс беруі нәтижесінде анықталады. Марапат беруді ұйғаруда компаниялардың бейінді бизнесіндегі және брендті дамытуындағы жетістіктері негізгі фактор болып табылады. Қорытынды ұпай шығаруда компания үш критерий бойынша бағаланады: нарықты зерттеу, брендті бағалау және тұтынушылардың  онлайн дауыс беруі.

Сбербанк Brand of the Year марапаты тарихында сыйлыққа ие болған бірден-бір ресейлік банк.

Владислав Крейнин, Сбербанк Вице-президенті – Маркетинг жөніндегі директоры: "Бренд жетісітігі – бұл компанияның бизнес-жетістіктерінің нәтижесі. Біздің клиенттік базаның, мобильді қосымшаны күнделікті пайдаланушылар санының артуы, клиенттердің бейілділігі, жаңа өнімдерді дамыту және жарнамалық белсенділік – бұлар  брендтің нарықта дамуының негізгі факторлары болып табылады. Кәсіби қауымдастық біздің жұмысымызды жоғары бағалағанына қуаныштымыз. Бірақ біз үшін бұл – бастама".

World Branding Awards марапаттау рәсімдері штаб-пәтері Лондонда орналасқан World Branding Forum коммерциялық ұйымымен 2014 жылдан бастап өткізіледі. 2016 және 2017 жылдары Сбербанк банктер номинациясында Brand of the Year марапатының иегері атанған.

Сбербанк Brand Finance нұсқауы бойынша ең қымбат ресейлік брендтер рейтингін басқарады және әлемнің 25 ең қымбат банктік брендтері қатарына кіреді.

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.