07.02.2019
1538 cапарлар
Сбербанк «Портфельдік кепілдендіру» жобасы аясында Алматы облысында бірінші кепілдікті шығарды

«Сбербанк» АҚ ЕБ  «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірге «Портфельдік кепілдендіру» жобасы аясындағы алғашқы кепілдікті Талдықорған қ. шығарды.

«Өткен жылдың соңында Сбербанк «Даму» КДҚ» АҚ-мен «Портфельдік кепілдендіру» ортақ жабасы бойынша айрықша меморандумға қол қойды, оған сәйкес біз өз клиенттерімізге жеңілдетілген жүйе бойынша кепілдіктер шығара аламыз, – деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов. – Бұл жоба клиенттерге «Даму» КДҚ» АҚ кепілдігімен кредит беру туралы шешімді қосымша талдау жүргізбестен және Қормен жобаны келіспестен қабылдауға мүмкіндік береді. «Портфельдік кепілдендіру» қажетті құжаттаманы рәсімдеуге кететін уақытты айтарлықтай қысқартты және кәсіпкерге өз қызметін атқару үшін қажетті тендерлік кепілдікті жылдам рәсімдеуге мүмкіндік берді, – дейді Александр Ильясович. 

Сбербанк Қазақстан және «Даму» КДҚ» АҚ бірлескен жобасы аясындағы алғашқы кепілдік Алматы облысындағы (Талдықорған қ.) «Ак-Булак Продукт» ЖШС-не берліді, оның негізгі қызметі сүт өнімдерін шығару және өңдеу болып табылады.

«Біздің кәсіпорнымыз сүт өнімдерін шығару бойынша аймақтың аса ірі компаниясы болып табылады. КСРО кезінің өзінде біздің компаниямыздың өнімдері жоғары бағалана бастады, мысалы біздің сыр өнімі маркамыз шет елдерге жеткізілетін,  – дейді  «Ак-Булак Продукт» ЖШС директоры Бауыржан Калимолданов. – Сол себепті біз өз сүт өнімдеріміздің жоғары сапасын сақтауға тырысамыз. Сбербанктен кредит алғанымыздың арқасында біз кәсіпорын жабдықтарын жетілдіре, жаңарта аламыз. Бұл «Даму» қоры мен мемлекет тарапынан үлкен қолдау».

Сүт өнімдері зауыты жабдығын жаңарту үшін «Ак-Булак Продукт» ЖШС кәсіпорнын қаржыландыру «Даму-Өндіріс» өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.  

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.