11.10.2018
1665 cапарлар
Сбербанк Sberbank Pay KZ мобильді қосымшасының жанасусыз төлем жасау мүмкіндіктерін таныстырды

2018 жылғы 11  қазан, Алматы. - Сбербанк NFC* қолдайтын Android операциялық жүйесі бар құрылғыларда (смартфондар, планшеттер) орнатылған Sberbank Pay KZ қосымшасы арқылы жанасусыз төлем жасау мүмкіндіктерін таныстырды.

MobiEvent'18 халықаралық конференциясы аясында Сбербанк NFC* қолдайтын Android операциялық жүйесі бар құрылғыларының пайдаланушыларына жанасусыз төлем атқарымы бар POS-терминалдармен жабдықталған сауда және қызмет кәсіпорындарында жанасусыз төлем жасауға мүмкіндік беретін Sberbank Pay KZ мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін таныстырды.

Жаңа технология Google Play Маркеттен тек бір рет Sberbank Pay KZ қосымшасын жүктеу және оған Сбербанктің  Visa картасын қосу арқылы NFC құрылғыны төлем үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Ыңғайлы болуы үшін Жасап шығарушылар Sberbank Pay KZ  қосымшасына кірмей-ақ  төлем жасау мүмкіндігін қарастырды - экранды бұғаттан шығарып, құрылғыны жанасусыз төлем қызметі бар  POS-терминалға қою жеткілікті.

Қосымшаға қосылған құрылғы банктік карта нөмірін сақтамайтындықтан Sberbank Pay KZ төлемдері сенімді қорғалған.

"Бүгінгі таңда біздің банкте жанасусыз төлемдерге операциялардың 50%-ы сәйкес келеді, - деп айтады Сбербанк басқарма төрағасының орынбасары Алексей Акимов, - Бүгін таныстырылған технология бұл нарық үшін қызмет алаңын айтарлықтай  кеңейтеді,себебі қызметтер күнделікті қолданыста неғұрлым қолжетімді және ыңғайлы болуда. Жақын арада Біз өзге мобильді операциялық жүйелердің басқаруымен құрылғылар желісін кеңейту арқылы осындай төлемдердің мүмкіндіктерін тағы да арттыра түсеміз деген ойдамын".

Сервиске қосылу үшін қажет:

  1. Google Play Маркеттен Sberbank Pay KZ қосымшасы орнатылатын NFC қолдауы бар және 4.4. және одан жоғары нұсқадағы Android  операциялық жүйесі бар құрылғы;
  2. Сбербанктің  Visa картасын қосып Sberbank Pay KZ қосымшасында тіркелу.

Төлем жасау үшін тіркелген құрылғыны  жанасусыз төлемдерді қабылдау қызметі бар  POS-терминалға әкеп қою қажет.

5000 теңгеден жоғары төлем жасалған жағдайда, картамен төлемдегідей ПИН код енгізу қажет болады.

Sberbank Pay KZ мобильді қосымшасын Google Play Маркеттен 2018 жылғы 15 қазаннан бастап жүктеуге мүмкін болады.

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.