12.03.2019
1864 cапарлар
Сбербанк, VISA және «Lamoda» онлайн-ритейлерінен сәнді Cashback

«Ritz Carlton» қонайқүйінде Сбербанктен сәнді Cashback қосылған алғашқы «Lamoda» картасының презентациясы өтті.

«Брендтердің кез келген бірлестігі ең алдымен клиенттер үшін және клиенттік тәжірибені жақсарту үшін құрылады. Сбербанкте 3 миллионнан астам бөлшек бизнес клиенттері бар және олардың жартысы Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасын пайдаланады, сауданы картамен және смартфонмен төлейді және әрине киім-кешек пен аксессуарларды онлайн сатып алады - деп, Сбербанктің бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Жанаргуль Изимова картаның шығу тарихын баяндады, – «Lamoda» Онлайн-дүкені Қазақстандағы сән саласында сөзсіз көшбасшы болып табылады.   Дәл осы себептен серіктестермен бірге, арнайы клиенттер үшін, «Lamoda» стиль мен сұлулық картасы шығарылды. Клиенттер Lamoda мен Сбербанк картасына лайықты баға бергеніне сенімдімін. Себебі, картаның тартымды дизайнімен қатар, клиенттер «Lamoda» сайтындағы әр саудадан 5% және әлем бойынша сұлулық салондары мен SPA қызметтерін төлегені үшін ай соңында 3% алып отырады».

Клиенттер үшін жоғарылатылған Cashback түріндегі пайдасымен қатар, Сбербанк ұсынған «Lamoda» картасы көптеген артықшылықтарға ие. Біріншісі Алматы мен Астана қалаларындағы клиенттер үшін карта тегін жеткізіледі. Сондай-ақ, клиенттерге картаны «Lamoda» (www.lamoda.kz) сайтында тапсырыс берілген тауарлармен бірге алу мүмкіндігі беріледі, бұл үшін картаны жеткізу туралы өтініште тапсырыс нөмірін көрсетсеңіз жеткілікті, Сізге картаны тауармен бірге жеткізеді.

Сбербанк ұсынған «Lamoda» картасын үйден шықпай-ақ, www.sberbank.processing.kz онлайн-платформасында кез келген қазақстандық банктің картасынан комиссиясыз толықтырып отыруға болады. Картаның қосымша артықшылықтары бүкіл әлем бойынша халықаралық төлем жүйелерінің кез келген картасына ақша аудару, сондай-ақ Қазақстанның кез келген банкоматында 500 000 теңгеге дейін комиссиясыз қолма-қол ақша алу мүмкіндіктері болып табылатынын айта кеткен жөн.

Презентация күні «Lamoda» картасы барлық тілек білдірушілерге сол сәтте шығарылды. 100-ден астам қонақ Сбербанк клиенттеріне айналды, олар Сбербанк, «Lamoda» және VISA компанияларынан жағымды сыйлықтарға ие болды. 

Кез келген клиент «Lamoda» картасын Сбербанктің Қазақстан бойынша 40 бөлімшесінен бір рет қана келіп ала алатынын еске саламыз.

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.