12.12.2025
1567 cапарлар
Шолпан Нурумбет Home Credit Bank басқарма төрайымы болып тағайындалды

 Фото көзі:Forbes.kz

Алматы, 2025 жылғы 11 желтоқсан – «Home Credit Bank» АҚ (ДБ «ForteBank» АҚ) Директорлар кеңесі басқарма құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы хабарлайды. Қабылданған шешімге сәйкес, Шолпан Нурумбет банктің басқарма төрайымы лауазымына тағайындалды.

Шолпан Нурумбет – Қазақстанның қаржы саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Ол әр жылдары еліміздің жетекші банктерінде, соның ішінде «ForteBank» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ және«Альянс Банк» АҚ құрылымдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

«Интеграция кезеңінде Шолпан Нурумбеттің тағайындалуы Банктің басқару командасын айтарлықтай күшейтеді. Біз Кирилдің кәсібилігі мен Home Credit Bank-тің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін өзризашылығымызды білдіреміз. Оның стратегиялық көшбасшылығы операциялық тұрақтылықты нығайтуға және банкті трансформацияның келесі кезеңіне дайындауға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезеңде Банктің басты міндеті – жұмыстың сабақтастығын қамтамасыз ету және клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын сақтап қалу. Шолпан Нурумбеттің басқарушылықтәжірибесі біздің команданы күшейтіп, банктің стратегиялық бағыттар бойынша ілгерілеуін жеделдетеді», – деді «Home Credit Bank» АҚ (ДБ «ForteBank» АҚ) Директорлар кеңесінің Төрағасы Тимур Исатаев.

«Осы маңызды кезеңде банкті басқару – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі зор құрмет. Home Credit Bank мықты сарапшылық әлеуеті, орнықты клиенттік базасы және даму мен жаңашылдыққа бағытталғанкорпоративтік мәдениеті бар қаржы ұйымы. Командамен бірге біз технологиялық шешімдерді жетілдіруді, сервистер сапасын арттыруды және операциялық тиімділікті нығайтуды жалғастырамыз. Клиенттерімізге одан да заманауи әрі қолайлы қаржы өнімдерін ұсыну – басты басымдықтарымыздың бірі. Алда бізді интеграция мен жаңарту жұмыстарының ауқымды кезеңі күтіп тұр, және көрсетілген сенімүшін Директорлар кеңесіне алғыс айтамын», – деп атап өтті Шолпан Нурумбет.

Кадрлық өзгерістер шеңберінде Кирил Бачваров Home Credit Bank Басқарма Төрағасы ретіндегі қызметін аяқтап, интеграция жөніндегі кеңесші лауазымына ауысады.

Шолпан Нурумбеттің «Home Credit Bank» АҚ (ДБ «ForteBank» АҚ) Басқарма Төрайымы қызметіне тағайындалуы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы – ҚРҚНРДА-ның тиісті келісімі алынған күннен бастапкүшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.