05.11.2024
8742 cапарлар
Талғат Қуанышев «ForteBank»АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды

2024 жылғы 1 қарашада «ForteBank» АҚ Директорлар кеңесі отырыста банк басқармасының төрағасы Бекжан Пірматовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырды. «ForteBank» АҚ басқармасының жаңа төрағасы болып бұған дейін банктің Директорлар кеңесінің құрамына кірген Талғат Қуанышев тағайындалды. Бекжан Пірматов «Верный Капитал» компаниялар тобының құрамына басқа жұмысқа ауысады.

Банктің мажоритарлы акционері Болат Өтемұратов өз сөзінде: «ForteBank дамуына қосқан нәтижелі үлесі үшін Бекжан Пірматовқа алғыс білдіремін. Ол басқарған 2,5 жылдың ішінде Банк нарықтағы өз орнын нығайтты, атап айтқанда банктің кредиттік қоржыны 2 еседен астам ұлғайды, ал халықаралық рейтингтері жоспарға сәйкес өсті. Forte бөлшек бизнесті ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес және корпоративтік бизнес сегменттерін дамыта отырып, өзінің әмбебап моделін сақтап келеді», - деді.

Банктің жаңа басшының тағайындалуына қатысты өз пікірін білдірген Болат Өтемұратов, «Қазіргідей күрделі макроэкономикалық және геосаяси жағдайда ForteBank барлық сын-қатерге сәтті төтеп беріп қана қоймай, дамудың жаңа кезеңіне көтерілуі үшін, Талғат Қуанышев қаржы секторындағы өзінің мол басқару тәжірибесін пайдаланатынына сенімдімін», - деді.

Талғат Қуанышевтің Қазақстанның қаржы секторында 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол «АТФБанк» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ, «АТФ Лизинг» АҚ және «ForteBank» АҚ сияқты қаржы институттарын табысты басқарған.

«Мен келешекке үлкен сеніммен қараймын және бәріміз бірлесіп ForteBank-ті дамыту жолында жаңа тараудың бетін ашатынымызға күмәнім жоқ. Біздің күш-жігеріміз озық технологияларды енгізуге, банктің қаржылық көрсеткіштерін нығайтуға және клиенттерімізге қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталатын болады», - деді «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қуанышев.

Т. Куанышев Банк Басқармасының Төрағасы лауазымына Қазақстан Республикасының уәкілетті органы тарапынан келісім алынған күннен бастап кіріседі.

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.