11.03.2020
107148 cапарлар
Тимур Козинцев Сбербанк Қазақстан Директорлары кеңесінің төрағасы болып сайланды

11 наурыз 2020 жыл, Алматы қ. – Тимур Козинцев "Сбербанк" АҚ ЕБ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Сәйкес шешімді Банктің Директорлар кеңесі қабылдады. 

Бұрынырақ, 2020 жылдың ақпан айында Тимур Козинцев Сбербанк ЖАҚ аға вице-президенті лауазымында «Sberbank International» блогының жетекшісі болып тағайындалды.

"Бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстандағы жергілікті банктер арасында тиімділігі бойынша көшбасшы болып табылады. Біз активтер сапасы бойынша нарықтағы ең үздіктердің біріміз және берілген кредиттер бойынша екінші орындамыз - бұл өте жақсы нәтиже. Сбербанк заманнан қалыспай келеді және бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстан тобының алдында digital  дамыту және экожүйені құру бойынша өршіл мақсаттар тұр. Бірге жетістікке жететінімізге сенімдімін", - деп атап өтті Тимур Козинцев.

Тимур Козинцев Сбербанкке 2013 жылы келіп, DenizBank-тің (Түркия) Сбербанк Тобына біріктірілуі үшін жауапты болған. 2015 жылдан бастап CRO және басқарма мүшесі ретінде DenizBank тәуекелдерін басқару жүйесін дамытумен айналысқан. Соңғы екі жылда Түркиядағы еншілес банкті сату бойынша мәмілені сүйемелдеді.

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.01.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы  қаласында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
Экспорттың озыңқы өсуі аясында Қазақстанның сырты саудасы қалпына келді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 7 айындағы Қазақстанның тауар айналымы бойынша шолуын назарларыңызға ұсынады.
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.