13.12.2018
1653 cапарлар
Qazaq Banki салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді Банк ВТБ (Қазақстан) алады

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ өткізген конкурстың қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) мәжбүрлеп таратылатын «Qazaq Banki» АҚ-да орналасқан жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің депозиттеріне кепілдік өтемақы төлеу бойынша банк агент ретінде таңдалды.

– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай жағдайларда тұрақты қаржы жағдайы бар, пруденциалдық нормативтерді бұзбаған, кең филиалдық желісі және инфрақұрылымы бар, Республика бойынша салымшыларға қызмет көрсететін, банк агент әрекет ете алады. Біз ҚДКБҚ өздерінің сенімділігі үшін алғысымызды білдіреміз, – деді Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) екінші деңгейдегі банктер арасында ең жоғары несие рейтингтерінің біріне ие. Банктің филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан, қазіргі уақытта ВТБ желісінде 85 банкомат пен 28 ақша нүктесі бар.

Qazaq Banki салымшыларына төлем 2018 жылдың 24 желтоқсанында басталады. 24 желтоқсанға дейін Банк ВТБ (Қазақстан) салымшылардан өтініштер қабылдап, кепілдік өтемақы төлеуге құқылы емес.

Депозитке кепілдік берілген төлемді алу үшін Qazaq Banki клиенттері жеке басын куәландыратын құжатпен және Банк ВТБ (Қазақстан) кез келген бөлімшесіне жазбаша өтініш беруі керек. Филиалдардың мекен-жайы www.vtb-bank.kz банкінің сайтында көрсетілген. Сіз ақшаны үш жолымен ала аласыз: қолма-қол ақша, банк шотына аудару немесе банк агентте салым ашу.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер «Qazaq Banki» АҚ ағымдағы шоттарында және төлем карточкаларында орналастырылған ақшаны өтеуге құқылы. Өтемақы есептелген сыйақыны есепке ала отырып, бірақ ең жоғары кепілдік сомасынан аспайтын депозит балансының сомасында төленеді:

  • 10 млн. теңге – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша;
  • 5 млн. теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша.

Qazaq Banki-да бір мезгілде теңгеде және шетел валютасында орналастырылған бір салымшының депозиттеріне 15 млн. теңгеге толық өтемақы төленеді, ал шетел валютасында депозит 5 млн. теңгеден аспайды.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ арнайы резерв есебінен «Qazaq Banki» АҚ салымшылары үшін өтемақы төлеу үшін Банк ВТБ (Қазақстан) толық ақшамен қамтамасыз етеді.

ВТБ (Қазақстан) банкінде кепілдікті қайтару туралы мобильді телефоннан 5050 нөміріне тегін қоңырау шалу немесе 8 (727) 3305915 телефонына қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
Салық түсімдері 18,5%-ға өсті, алайда бюджеттің қарыз алу қажеттілігі сақталып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға ҚР-ның 2026 жылғы 9 айдағы бюджет балансына шолуын ұсынады.
18.11.2026
ЕО-тың үш елі Қазақстанның Еуропаға экспортының өсімінің 96,5%-ын қамтамасыз етті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 8 айдағы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы тауар айналымына шолуын ұсынады.
17.11.2026
ӨСК сыйлықақыларындағы зейнетақы аннуитеттерінің үлесі 66%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына шолуын ұсынады.
16.11.2026
Автосақтандыру сыйлықақылардың 19%-ын құрайды, бірақ сақтандырушылар төлемдерінің 41%-ы соның үлесіне тиесілі
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 9 айындағы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
13.11.2026
Бизнес бөлшек қарыздардың қысқаруы аясында банктердің жаңа несиелерінің барлық өсімін қамтамасыз етті
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның банк секторының 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
12.11.2026
Нарық желтоқсанда мөлшерлеменің сақталуын және 2027 жылы АНС анағұрлым сақтықпен жұмсартылуын күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы қараша айындағы кейбір көрсеткіштерге қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында өткізілген кезекті сауалнаманың нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.