04.06.2025
905 cапарлар
ВТБ (Қазақстан) Басқарма құрамын кеңейтті

ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесі Олеся Акылованы Басқарма мүшесі етіп сайлады және Басқарма төрағасының орынбасары етіп тағайындады. Ол жаңа лауазымда банктің Орта және шағын бизнес блогын стратегиялық дамыту мен операциялық басқару үшін жауапты болады.

Олеся Акылова С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған. Банк саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, оның 13 жылы ВТБ тобында. 2022 жылдан бастап ВТБ (Қазақстан) корпоративтік клиенттермен жұмыс бойынша департаментін басқарады. 

«Олеся Акылованың Басқарма құрамына қосылуы банктің стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді. Оның біздің дамуымыз үшін маңызды болып табылатын орта және шағын бизнес сегментін басқарудағы сараптамасы, сондай-ақ корпоративтік бағыт бойынша терең түсінігі банктің нарықтағы позициясын нығайтуға және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.  

ВТБ (Қазақстан) Басқармасының құрамына сондай-ақ, Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло, Қаржы департаментінің директоры Анастасия Нелина және Тәуекелдер департаментінің директоры Дмитрий Цыкунов кіреді.

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.