25.02.2022
8899 cапарлар
Сбербанк Қазақстан мәлімдемесі

Сбербанк Қазақстан және оның барлық жүйесі штаттық тәртіпте жұмыс істейді, жеке және заңды тұлғаларға қаражаттар мен сервистер толық көлемде қолжетімді.

Теңгедегі және шетел валютасындағы шоттардан ақша шешіп алу және оларды толықтыру офистерде, банкоматтарда, Sber KZ мобильді қосымшасында және СберБизнесте, сондай-ақ басқа да қызмет көрсету каналдарында шектеусіз қолжетімді. Барлық төлем жүйелерінің пластикалық карталары бойынша тауарлар және қызмет ақысын төлеу, ақша аударымдары және операциялар жүргізіліп жатыр және толық көлемде қолжетімді болады. Валюта айырбастау шектеусіз жүргізіледі.

Қабылданған шектеулер клиенттердің қаражаттарының сақталуына және қолжетімділігіне әсер етпейді.

Сбербанктің орын алған жағдайда қалыпты жұмыс істеу үшін барлық қажетті ресурстары мен тәжірибесі бар.

Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
Салық түсімдері 18,5%-ға өсті, алайда бюджеттің қарыз алу қажеттілігі сақталып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға ҚР-ның 2026 жылғы 9 айдағы бюджет балансына шолуын ұсынады.
18.11.2026
ЕО-тың үш елі Қазақстанның Еуропаға экспортының өсімінің 96,5%-ын қамтамасыз етті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 8 айдағы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы тауар айналымына шолуын ұсынады.
17.11.2026
ӨСК сыйлықақыларындағы зейнетақы аннуитеттерінің үлесі 66%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына шолуын ұсынады.
16.11.2026
Автосақтандыру сыйлықақылардың 19%-ын құрайды, бірақ сақтандырушылар төлемдерінің 41%-ы соның үлесіне тиесілі
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 9 айындағы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
13.11.2026
Бизнес бөлшек қарыздардың қысқаруы аясында банктердің жаңа несиелерінің барлық өсімін қамтамасыз етті
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның банк секторының 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
12.11.2026
Нарық желтоқсанда мөлшерлеменің сақталуын және 2027 жылы АНС анағұрлым сақтықпен жұмсартылуын күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы қараша айындағы кейбір көрсеткіштерге қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында өткізілген кезекті сауалнаманың нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.