22.12.2020
107798 cапарлар
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми түрде «Отбасы банк» атанды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамыр айында айтылған тапсырмасына сәйкес, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өзінің ресми атауын «Отбасы банк» деп өзгертті.

2020 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамына қайта тіркеу жүргізілді.

Бүгінгі күннен бастап Банктің толық атауы:

  • мемлекеттік тілде: ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы;
  • орыс тілінде: акционерное общество «Жилищный строительный сберегательный банк «Отбасы банк»»;
  • ағылшын тілінде: joint stock company ««Otbasy bank» house construction savings bank»;

қысқаша атауы:

  • мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» АҚ;
  • орыс тілінде: АО «Отбасы банк»;
  • ағылшын тілінде: JSC «Otbasy bank».

          Банктің жалғыз акционері болып - акциялардың мемлекеттік пакетін иеленуге және пайдалануға 100% құқығы бар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қала бермек. Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгертіледі.

Бүгіннен бастап «Отбасы банк» деп аталатын бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк ретінде қала бермек. Сондай-ақ қаржы құрылымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетіндегі қызметін де өзгертпейтін болады.

Сонымен қатар, 2021 жылы «Отбасы банк» тұрғын үйді тіркеу, есепке алу, үлестіру жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады. Ал бұл міндеттерді іске асыру үшін кезекке қою жүйесін әкімдіктерден ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне» тапсырып, тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Баспанамен қамтамасыз ету орталығын» құру жоспарланған. Бұл жағдайда тұрғындарымызға баспанаға мұқтаж екенін растау үшін бірнеше мекемеге жүгініп, кезекте тұрып, ізінше несие алу үшін Банкке келіп әуре-сарсаңға салынбай, мәселесін бір орталықтан шешу мүмкіндігі туады.

«Банктің дамыған инфрақұрылымы, ақпараттық және технологиялық қоры тұрғындарымызды, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарымызды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетеді, үй алуға кезек құру жүйесін басқару мүмкіндігін кеңейтеді, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға баспана алу рәсімін оңтайландырады. Сонымен қатар Банк 1,7 миллионнан астам салымшы мен 181 мыңға жуық займ алушыларға қызмет көрсетуін жалғастыра отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберіндегі өзінің негізгі қызметін үзбейді» - деп, Банктің атауы өзгеруіне байланысты «Отбасы банк» Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова пікір білдірді.

Бүгінгі күні Банктің депозиттік портфелі 976 млрд теңгеге тең. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін жетеді деп жоспарлануда.

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

БАҚ үшін қосымша ақпарат: +7 (727) 279 35 11 (ішкі 00523), pr@hcsbk.kz

Соңғы жаңалықтар
15.07.2026
Нақты ақша-несие жағдайлары қатаң күйінде сақталып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың қаңтар — маусым айларындағы Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын ұсынады.
13.07.2026
Сарапшылар ақша-несие саясатына қатысты болжамдарында әзірге сақтық танытып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы шілдедегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
10.07.2026
Шағын бизнестің жаңа берілген несиелердегі үлесі 38,4%-ға дейін төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
03.07.2026
Орта бизнеске берілген несиелер 65,4%-ға өсті — барлық сегменттер арасындағы ең үздік көрсеткіш
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелерге шолуды ұсынады.
24.06.2026
Ірі бизнес бойынша орташа несиелік өтінім 80%-ға — ₸18,8 млрд-қа дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру туралы шолуын ұсынады.
18.06.2026
Автонесиелеуге сұраныс 11%-ға, ал берілу көлемі 18%-ға қысқарды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның автонесиелеу нарығына жасалған шолуды ұсынады.