18.02.2019
2136 cапарлар
Қаңтар айында бюджеттің кірістері өткен жылғы кезеңге қарағанда 27,4%-ға өсті

Сонымен бірге бюджет шығындары 896,3 млрд теңгені құрады, оның 68,5% - ы бюджеттің әлеуметтік баптары жіберілді

2019 жылғы қаңтарда ҚР шоғырландырылған бюджетінің кірісі 703,9 млрд теңгені құрады, бұл жылдық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуының 5,3% - ын құрайды. Айта кету керек, 2018 жылдың қаңтар айында шоғырландырылған бюджет кірісі 552,6 млрд теңгені құрады. Салықтың қаңтар айындағы барлық түсімдердің 96,0% - ы немесе 675,6 млрд.теңгені құрайды. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында Ұлттық қорға түскен салық түсімдері 109,3 млрд теңгені құрады.

Қаңтар айында ҚР шоғырландырылған бюджетінің шығын бөлігі жоспарланған 12 161,5 млрд теңгенің 7,4%-на – 896,3 млрд.теңге орындалды. Айта кетейік, 2019 жылға жоспарланған шығындардың 53,7%-ы бюджеттің әлеуметтік баптарына – әлеуметтік көмек пен қамтамасыз етуге (3,2 трлн теңге), білім беруге (2,2 трлн теңге) және денсаулық сақтауға (1,2 трлн теңге) тиесілі. Сонымен қатар, қаңтар айында аталған баптар бойынша шығындар 613,8 млрд теңгені немесе бір айдағы барлық шығындардың 68,5% - ын құрады.

1-Диаграмма. Шоғырландырылған бюджеттің шығындары:

Дереккөз: ҚРМФ, ҚҚҚ

2-Диаграмма. Жылдар бойынша ҚР шоғырландырылған бюджеттің кірістері мен шығындары:

Дереккөз: ҚРМФ, ҚҚҚ

Есепті айда таза бюджеттік несие беру 2019 жылға жоспар бойынша 153,5 млрд теңгенің 59,0 млрд теңгесін құрады, ал қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо 36,1 млрд теңгені құрады. Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтарында ҚР КБ тапшылығы 287,6 млрд теңгені құрады. Бұл алшақтық негізінен бюджет қаражатының қалдықтарын пайдалану есебінен қаржыландырылады – 180,1 млрд теңге. Сонымен қатар, есепті айдаа тартылған қарыз қаражатының көлемі 117,8 млрд теңгені құрады, ал бұрын тартылған қаражатты өтеуге 10,4 млрд теңге жұмсалды. Ағымдағы жылға арналған шоғырландырылған бюджет 689,1 млрд теңге профицитпен салыстырылғанын атап өтеміз.

Естеріңізге сала кетейік, бюджеттің Ұлттық қордан берілітін трансферттерге тәуелдігін төмендету мақсатында 2021 жылдан бастап кепілдік берілген трансферттің мөлшері екі трлн теңге деңгейінде бекітілетін болады. Жаңа ережеге біртіндеп көшу мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері кезең-кезеңмен төмендетілетін болады. 2018 жылы кепілдік берілген трансферт көлемі 2,6, трлн теңгеге тең болды, 2019 жылы трансферт көлемі 2,45 трлн теңгені, 2020 жылы – 2,3 трлн теңгені , ал 2021 жылдан бастап – 2,0 трлн теңгені құрайды.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
03.07.2026
Орта бизнеске берілген несиелер 65,4%-ға өсті — барлық сегменттер арасындағы ең үздік көрсеткіш
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелерге шолуды ұсынады.
24.06.2026
Ірі бизнес бойынша орташа несиелік өтінім 80%-ға — ₸18,8 млрд-қа дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру туралы шолуын ұсынады.
18.06.2026
Автонесиелеуге сұраныс 11%-ға, ал берілу көлемі 18%-ға қысқарды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның автонесиелеу нарығына жасалған шолуды ұсынады.
17.06.2026
Жаңадан берілген ипотеканың 85%-ы жеңілдетілген бағдарламаларға тиесілі
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың І тоқсанындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды ұсынады.
04.06.2026
Сарапшылардың жартысынан көбі ақша-несие саясатының жұмсара бастауын күтеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы маусымдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
04.06.2026
Халыққа жаңа қарыздар беру тоқсан ішінде 4,4%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ЕДБ бөлшек несиелеу нарығына шолуын ұсынады.