26.05.2026
150 cапарлар
Соңғы жылдарда алғаш рет банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алу көлемінің төмендеуі тіркелді

ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар статистикасына қатысты шолуды назарларыңызға ұсынады.

Кезеңнің негізгі үрдістері

  • Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қолма-қол ақшасыз транзакциялар үлесінің арту қарқыны баяулады: олардың көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі 22,4%-дық өсіммен салыстырғанда, небәрі 5,0%-ға (ж/ж) ұлғайды.
  • Динамиканың баяулауы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға деген сұраныстың төмендеуімен байланысты емес. Бұл көбіне төлем жүйесін жедел цифрландыру мен клиенттерді ауқымды қамтудан кейінгі нарықтың біртіндеп қанығуын көрсетеді, сондай-ақ елдегі экономикалық белсенділіктің бәсеңдегенін білдіреді (ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 5,6%-дан 3,0%-ға дейін баяулады).
  • Абсолюттік мәнде қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлемі ₸40,3-ден ₸42,4 трлн-ға дейін ұлғайды. Осы орайда, олардың ел бойынша үлесі бір жыл бұрынғы 87,1% көрсеткішпен салыстырғанда 87,9%-ды құрады. Бұл қолма-қол ақша айналымының ығыстырылу процесінің жалғасып жатқанын және цифрлық төлем құралдарының бұдан әрі де нығая түсетінін айғақтайды.
  • Динамикаға негізгі үлесті қолданыстағы төлем құралдарын пайдалану белсенділігінің артуы қосып отыр. Мәселен, қолма-қол ақшасыз транзакциялар саны 6,1%-ға өсіп, олардың көлемінің өсімін (+5,0%) басып озды, ал бір операцияның орташа чегі ₸13,1 мыңға дейін төмендеді (-1,2%).
  • Өңірлік бөліністе ірі мегаполистер мен елдің басқа аймақтары арасындағы «цифрлық алшақтықтың» бұдан әрі 18,2 п.т. деңгейіне дейін қысқаруы байқалады, бұл цифрлық қаржылық сервистердің анағұрлым дамыған қалалардан тыс жерлерде де таралуы жалғасып жатқанын айғақтайды.
  • Сонымен қатар, банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алу операцияларының көлемі 2,2%-ға төмендеп, ₸5,8 трлн-ды құрады. Осылайша, нарық алғаш рет қолма-қол ақша айналымының салыстырмалы және абсолюттік мәнде қысқарғанын көрсетіп отыр. Бұл кәсіпкерлік кірістер бойынша фискалды чек беру талаптары және көлеңкелі экономиканы шектеу бойынша қабылданып жатқан белсенді шаралар аясында қолма-қол ақшаға деген қажеттіліктің төмендегенін айғақтауы мүмкін.
  • Нарықтың кемелдену кезеңіне өткенінің қосымша айғағы — төлем карталары санының өсу қарқыны бір жыл бұрынғы 7,9%-дық өсіммен салыстырғанда, +3,9%-ға дейін баяулауы болып табылады. Бұл клиенттік базаның біртіндеп қанығуын және нарық қатысушылары арасындағы бәсекелестіктің клиенттерді ұстап тұру, экожүйелерді дамыту және транзакциялық белсенділікті ынталандыру бағытына қарай ауысқанын көрсетуі мүмкін.
  • Осы орайда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Қолма-қол ақшасыз төлемдер бөлінісінде POS-төлемдер (10,0%-дан 10,6%-ға дейін) мен QR (10,2%-дан 10,7%-ға дейін) үлесінің артуы байқалды. Бұл сауда мен қызмет көрсету саласында цифрлық төлемдерді қабылдау желісінің бұдан әрі кеңейгенін, сондай-ақ транзакциялық белсенділіктің бір бөлігі қашықтан төлеу арнасынан (ғаламтордағы) офлайн-инфрақұрылымға біртіндеп қайта бөліне бастағанын көрсетеді.
  • Жергілікті төлем инфрақұрылымы рөлінің күшеюі маңызды үрдіс болып қала береді. Есепті кезең қорытындысы бойынша жергілікті жүйелер карталарының саны 28,2 млн-ға дейін (+4,2%) өсті, ал халықаралық карталары саны — 56,9 млн-ға дейін (+3,8%) ұлғайды. Мұндай серпін ішкі төлем шешімдерінің біртіндеп нығайып келе жатқанын және нарықтың халықаралық инфрақұрылымға тәуелділігінің бәсеңдегенін айғақтайды.

Резюме

Қазақстанның қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығы 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өсу қарқынының айтарлықтай баяулағанына қарамастан, тұрақты оң серпінді сақтап отыр. Бұл нарықтың жедел кеңею кезеңінен дамудың неғұрлым кемелді моделіне өтіп жатқанын көрсетеді, мұнда жаңа пайдаланушылар санының артуы емес, цифрлық төлем сервистерін пайдаланудың тереңдігі мен жүйелілігі басты рөл атқара бастайды.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жоғары деңгейде енуі, қолма-қол ақша айналымының қысқаруы және жаңа төлем карталарын эмиссиялаудың баяулауы нарықтың қанығу сатысына жақындап қалғанын айғақтауы мүмкін. Бұл ретте бұдан арғы өсім әлеуеті цифрлық қаржылық құралдарды пайдаланудың тарихи базасы төменірек өңірлерге қарай көбірек ауысып келеді.

Сонымен қатар, нарықтың өзінде құрылымдық трансформация күшейіп келеді. POS- және QR-төлемдер үлесінің артуы транзакциялық белсенділіктің офлайн-инфрақұрылым пайдасына қарай біртіндеп қайта бөлініп жатқанын көрсетеді, ал нарық қатысушылары арасындағы бәсекелестік экожүйелер, пайдаланушылық тәжірибе, ниеттестік бағдарламалары және цифрлық сервистерді пайдалану жиілігінің өсуі төңірегіне көбірек шоғырланады.

Ағымдағы үрдістерді ескере отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығының серпіні ішкі тұтынудың дамуымен және жалпы экономикалық белсенділікпен тығыз байланысты болады деп күтуге болады. Жылдың екінші жартыжылдығында ЖІӨ өсімі қарқынының қалпына келуі жағдайында, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу секторы сауда айналымының, тұтынушылық шығыстардың ұлғаюы және қаржылық сервистердің ену деңгейі төменірек өңірлерде қолма-қол ақшасыз құралдарды пайдаланудың артуы есебінен кеңеюдің неғұрлым жоғары қарқынына қайта оралуға қауқарлы.


Шолуын PDF-нұсқасы

ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды. ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
26.05.2026
Соңғы жылдарда алғаш рет банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алу көлемінің төмендеуі тіркелді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар статистикасына қатысты шолуды назарларыңызға ұсынады.
22.05.2026
Ішкі салықтар бюджет кірістері өсімінің негізгі қозғаушы күшіне айналуда
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ҚР бюджет теңгерімінің шолуын ұсынады.
19.05.2026
Жалпы сақтандыру компанияларының сыйақылары 2,9%-ға төмендеді, ал төлемдер 24,2%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығына арналған шолуды ұсынады.
19.05.2026
Активтердің өсуі нәтижесінде өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ірі институтционалдық инвесторлардың рөлін күшейтіп келеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына шолуды ұсынады.
18.05.2026
Мұнай бағасының жоғарылауы аясында сарапшылар ЖІӨ өсімі бойынша болжамды 5% деңгейінде сақтап қалды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы мамырдағы жекелеген индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
13.05.2026
Резервтердің әлеуеті жоғары болғанымен, іргелі ағындардың әлсіреуі байқалады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы сыртқы сектор шолуын ұсынады.