21.04.2026
741 cапарлар
Инфляция қарқынының тежелуі нәтижесінде нақты мөлшерлеме 7%-ға көтерілді

ҚҚҚ талдау орталығы назарыңызға 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын ұсынады.

Негізгі үрдістер

  • Ағымдағы жылдың І тоқсанында елдегі инфляцияның баяулауы нәтижесінде экономикадағы нақты мөлшерлеме жыл басындағы 5,70%-дан ІІ тоқсанның басына қарай 7,0%-ға дейін біртіндеп көтерілді. Бұл — 2025 жылғы сәуірден бергі ең жоғары көрсеткіш.
  • Бұл жағдай нақты ақша-несие жағдайларының қатаңдауына алып келді және теңгедегі активтердің тартымдылығын арттырды. Нәтижесінде қаржы жүйесіне өтімділік ағыны қалыптасты.
  • ІІ тоқсанда нақты мөлшерлеменің ықтимал өсуі елдегі дезинфляциялық тренд тұрақты сақталған жағдайда, базалық мөлшерлемені төмендету циклін бастауға алғышарттар қалыптастырады.
  • Ақша нарығындағы қысқа мерзімді мөлшерлемелер базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің төменгі шегіне жақын деңгейде сақталды. Бұл қысқа мерзімді өтімділік артықшылығымен (Ұлттық банктің ашық позициясы ~ ₸8,1 трлн) сипатталатын операциялық ортаның көрсеткіштерін айғақтайды.
  • Заңды тұлғаларды кредиттеудің орташа алынған мөлшерлемесі мен корпоративтік депозиттер бойынша мөлшерлемелер арасындағы спрэд (қаңтар-ақпан айларында) жыл басындағы 3,0%-дан 3,7%-ға дейін ұлғайды. Бұл банктердің маркетингтік акциялары мен қарыз алушылар үшін күшейген бәсекелестік аясында жыл соңында төмендеген несие мөлшерлемелерінің жыл басына тән қалпына келу динамикасын көрсетеді.
  • Осыған ұқсас үрдіс бөлшек сауда сегментінде де байқалды. Мұнда несиелер мен депозиттер бойынша орташа алынған мөлшерлемелер арасындағы спрэд баланстың екі жағындағы мөлшерлемелердің өсуіне қарамастан, жыл басындағы 5,4 пайыздан 6,5 пайызға дейін өсті.
  • Бұл ретте корпоративтік сектор (қазіргі көрсеткіш 16,8%) мен бөлшек сауда сегменті (15,1%) арасындағы депозиттік мөлшерлемелер деңгейінде сақталып отырған алшақтық халық қаражаты есебінен қорлану құнының төмен екенін және оларды біртіндеп теңестіру үшін тиісті мүмкіндіктің бар екенін көрсетеді.
  • Борыштық нарықта мемлекеттік құнды қағаздар (МҚҚ) мен корпоративтік құралдардың табыстылығы экономикадағы жоғары мөлшерлемелер мен теңгелік активтерге деген тұрақты сұраныс арасындағы теңгерімді көрсете отырып, бірқалыпты серпін танытты.
  • KASE_BMY корпоративтік облигацияларының табыстылық индексі 16,44%-дан 16,75%-ға дейін бірқалыпты өсім көрсетті. Бұл табыстылық деңгейінің 2025 жылғы қазандағы қатаңдату шараларынан кейін қалыптасқан қатаң ақша-несие жағдайларына біртіндеп бейімделуін айғақтайды.
  • Мемлекеттік құнды қағаздардың (МҚҚ) табыстылығы салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақталды. Бұған инвесторлардың, соның ішінде бейрезиденттердің жоғары сұранысы негізгі себеп болды. Аталған инвестиция көлемі 19 пайызға ұлғайып, ₸2,3 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш табыстылық өсімін тежеуге мүмкіндік беріп, мемлекет үшін қарыз алудың тұрақты шарттарын қамтамасыз етті. Айта кетсек, бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемі 13 пайызға өсті.

Резюме

2026 жылдың І тоқсанында елдегі ақша-несие жағдайлары қатаң деңгейде қалды: базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде сақталды, ал инфляцияның біртіндеп бәсеңдеуі (12,3%-дан 11%-ға дейін) аясында нақты мөлшерлеме 7,0%-ға дейін өсті. Бұл теңгелік активтердің тартымдылығын арттырып, қаржы жүйесіне өтімділік ағынының келуіне ықпал етті.

Ақша нарығындағы қысқа мерзімді мөлшерлемелер жүйедегі қысқа мерзімді өтімділік профицитінің сақталып отырған әсерін көрсетіп, пайыздық дәліздің төменгі шегіне жақын деңгейде қалды (Ұлттық банктің ашық позициясы ~₸8,1 трлн).

Несие нарығында пайыздық спрэдтердің ұлғаюы байқалды. Бұл 2025 жылдың соңында жоғары бәсекелестік жағдайында маржаның уақытша тарылуына байланысты төмендеген мөлшерлемелердің қайта қалпына келуімен негізделеді.

Борыштық нарықта табыстылық көрсеткіштері бірқалыпты серпін танытты: корпоративтік облигациялар табыстылығының қалыпты өсуі инвесторлар, соның ішінде бейрезиденттер тарапынан болған жоғары сұраныс аясында мемлекеттік құнды қағаздар (МҚҚ) табыстылығының тұрақтылығымен ұласты. Бұл қарыз алудың тұрақты шарттарын қамтамасыз етіп, бастапқы нарықтағы белсенділікті қолдады (корпоративтік сегментте +167% және МҚҚ бойынша +13%).

Осылайша, сегменттер бойынша мөлшерлемелер серпініндегі айырмашылықтар ақша-несие саясатының әсерін де, қорландыру мен қаржылық құралдарға деген сұраныстың құрылымдық ерекшеліктерін де, сондай-ақ жыл соңындағы уақытша төмендеуден кейінгі мөлшерлемелердің маусымдық қалыпқа келуін көрсетеді.

Жалпы алғанда, пайыздық мөлшерлемелердің қазіргі конфигурациясы қаржы нарығының жоғары мөлшерлемелер деңгейіне төзімділігін және экономикадағы дезинфляциялық трендтің нығаюына қарай олардың біртіндеп қалыпқа келуі үшін жағдайдың қалыптасып жатқанын көрсетеді.


Шолуын PDF-нұсқасы

ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды. ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.
31.08.2026
Ипотека тұтынушылық қарыздардың бәсеңдеуі аясында бөлшек несиелеу өсімінің жартысына жуығын қамтамасыз етті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтағы ЕДБ бөлшек несиелер нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
21.08.2026
Бюджет кірістері шығыстардан жылдамырақ өсіп келеді, алайда борышқа қызмет көрсету қымбаттап барады
ҚҚҚ талдау орталығы ҚР 2026 жылғы І жартыжылдықтағы бюджет балансына шолуды назарларыңызға ұсынады.