12.06.2019
4298 cапарлар
ҚҚҚ мүшелерінің жыл сайынғы жалпы жиналысында нарықты дамытудың одан әрі бағыты анықталды

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшелері, соның ішінде банктер, сақтандыру ұйымдары, брокерлік және активтерді басқару компаниялары, лизингтік компаниялар және қаржы нарығының басқа да қатысушылары 2018 жылдың нәтижелерін және бүгінгі күні қаржы секторы тап болатын сын-қатерлерді талқылады.

2018 жылы ҚҚҚ түрлі деңгейдегі 402 мемлекеттік органдардың отырысына қатысты, 528 жұмыс тобы мен 200-ден астам түрлі іс-шаралар өткізді. Қауымдастық қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп түрлі заң жобалары мен бастамалар бойынша 525 сараптамалық қорытынды дайындады.

Негізгі мәселелер: Қауымдастық мүшелерінің экономикадағы қаржы секторының рөлін арттыру бойынша бірлескен жұмысы, қаржы ұйымдарын реттеудегі өзгерістер, сақтандыру секторы мен қор нарығын дамыту, сондай-ақ қаржы нарығына басқа қатысушылардың басым мәселелері, соның ішінде қаржы қызметтерінің жаңа түрлері болды.

Жиналыстың күн тәртібіндегі маңызды мәселе Қауымдастықтың жаңа жарғысын бекіту болды. Жарғының жаңа редакциясы ҚҚҚ қызметінде оның 20 жыл ішінде болған өзгерістерді және қаржы нарығының барлық қатысушыларын біріктіру жөніндегі қауымдастық алдында тұрған міндеттерді көрсетеді.

Ең маңызды шешім Қаржыгерлер қауымдастығы мүшелерінің «Қаржы нарығындағы кәсіби этика кодексін» қабылдауы болды.

Қаржы секторы көптеген салаларда көшбасшылықты көрсетеді, бизнесті кәсіби және этикалық жүргізу сияқты іргелі фактордағы көшбасшылық маңызды болып табылады, сондықтан ҚҚҚ мүшелер қызметінің жалпы этикалық қағидаттарын анықтау мақсатында «Қаржы нарығындағы кәсіби этика кодексі» әзірленді.

Қаржы ұйымдары – ҚҚҚ мүшелері кодексті бекіте және қабылдай отырып, өз қызметінде оның қағидаттарын ұстануға міндеттеме алды.

Жалпы жиналыстың шешіміне түсініктеме бере отырып, ҚҚҚ кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова: «Мықты қаржы секторы экономикалық өсудің қажетті шарты және қуатты ынталандыруы болып табылады. Қаржылық тұрақтылықпен қатар дамыған қаржы нарығының негізі нарыққа қатысушылардың, инвесторлардың және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өзара сенімі болып табылады. Қазақстандық қаржы нарығындағы сенімді нығайту қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Кодекстің ұсынымдық сипаты бар, алайда Кодекстің құндылықтар жүйесіне бейілділік клиенттердің, қызметкерлердің, серіктестердің, реттеушінің және жалпы қоғамның сенімін нығайтуға ықпал етеді».

Халықаралық тәжірибе этикалық нормаларды сақтау салаға, мамандыққа және процестің әрбір жеке қатысушысына деген сенімді арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Этика кодекстері этикалық қағидаттарды әзірлеу және қолдау функциясын кәсіби бірлестіктер жүзеге асыратын көптеген дамыған елдерде бар. Дамушы нарықтарда этикалық стандарттар жиынтығын әзірлеу бастамасы қаржы нарықтарын реттеушілерге жиі тиесілі.

Осылайша, Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі алғашқы ел болды, онда бұл құжат қаржы нарығына қатысушылардың өздері әзірлеген және қабылдаған.

Қаржы нарығындағы кәсіби этика кодексі (*.docx)

Соңғы жаңалықтар
19.05.2026
Жалпы сақтандыру компанияларының сыйақылары 2,9%-ға төмендеді, ал төлемдер 24,2%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығына арналған шолуды ұсынады.
19.05.2026
Активтердің өсуі нәтижесінде өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ірі институтционалдық инвесторлардың рөлін күшейтіп келеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына шолуды ұсынады.
18.05.2026
Мұнай бағасының жоғарылауы аясында сарапшылар ЖІӨ өсімі бойынша болжамды 5% деңгейінде сақтап қалды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы мамырдағы жекелеген индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
13.05.2026
Резервтердің әлеуеті жоғары болғанымен, іргелі ағындардың әлсіреуі байқалады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы сыртқы сектор шолуын ұсынады.
12.05.2026
Пайда мен пайыздық спрэдтің азаюына қарамастан банктер несие беруді үдетіп жатыр
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның банк секторы бойынша 2026 жылдың 1-тоқсанына арналған шолуды ұсынады.
21.04.2026
2025 жылы Қазақстан импортының шамамен 30%-ын Ресей Федерациясы қамтамасыз етті
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымына жасалған шолуды ұсынады.