ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
Негізгі үрдістер
- 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында жалпы сақтандыру компанияларының (ЖСК) активтері 14,1%-ға өсті. Бұл былтырғы жылдың небәрі 1,1% болған әлсіз өсімімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Мұндай серпіннің негізгі себептері – сақтандыру төлемдеріне қарағанда (+₸61 млрд), сақтандырудың сыйақы көлемінің едәуір артуы (+₸105 млрд). Сондай-ақ, сақтандыру қызметінің табысы айтарлықтай жақсарып (+91,6%), инвестициялық кірістердің өсуі (+10,4%) әсер етті.
- Активтер өсімінің жеделдеуіне қарамастан, жалпы сақтандыру компанияларының (ЖСК) үлесі сақтандыру нарығының жиынтық активтерінде былтырғы жылмен салыстырғанда 48,3%-дан 44,0%-ға дейін төмендеді. Бұл өмірді сақтандыру компаниялары (ЖСК) активтерінің озық қарқынмен өсіп жатқанын көрсетеді.
- Олардың нарықтағы позициялары өнім желісінің кеңеюі және жалпы сақтандыру компанияларының өнімдеріне сұраныстың жоғары болуы нәтижесінде күшейді.
- ЖСК активтер құрылымындағы өсу негізінен бағалы қағаздар (+₸64 млрд немесе 6,5%) арқылы жүзеге асты. Бұл Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының оң динамикасы мен шетелдік биржалар индексінің өсуімен байланысты. Айтарлықтай әсерді орналастырылған салымдар (+₸59,7 млрд немесе 82,8%) көрсетті.
- Активтердің өсуі кері РЕПО (қайтару шартымен бағалы қағаздарды сатып алу) операцияларының көлемінің ұлғаюымен (+₸26,2 млрд немесе 42,4%) де қолдау тапты, бұл қысқа мерзімді ақша нарығы құралдарының кірістілігінің артуымен байланысты.
- Сектордағы нарықтық концентрация жоғары деңгейде қалып отыр: сегіз ірі компания жалпы активтің 91,8%-ын қалыптастырады. Олардың үстемдігін көлем ықпалы, тұрақты қаржылық нәтижелер және жоғары капиталдың кірістілігі қамтамасыз етеді, бұл оларға күшейіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында да көшбасшылықты сақтауға мүмкіндік береді.
- Сектордың міндеттемелері 9,7%-ға өсті (2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4%). Негізгі өсім күтілетін ақша ағындары бойынша міндеттемелер (+₸41,4 млрд немесе 22,1%) және туындаған шығындар бойынша (+₸11,8 млрд немесе 3,7%) тіркелді. Бұл сақтандыру сыйақыларының ұлғаюы мен сақтандыру оқиғаларының ықтималдығының жоғарылауын көрсетеді. Міндеттемелердің (сақтандыру шарттары бойынша болашақ төлемдер) активтерге қатынасы 41% деңгейінде қалып отыр, бұл сектордың жеткілікті ликвидтілігі мен тұрақтылығын көрсетеді.
- Сақтандырудың сыйақы көлемі 19,6%-ға өсті (₸641,5 млрд дейін), бұл өткен жылғы 4,0% өсіммен салыстырғанда едәуір жоғары. Өсу драйверлері ретінде жазатайым жағдайлардан сақтандыру (+893% немесе ₸17,7 млрд) қамту көлемінің ұлғаюына байланысты, еңбек нарығындағы өсім (+103 мың) және қызметкерлерге арналған полистерге корпоративтік сұраныстың артуы; автокөліктердің міндетті жауапкершілік сақтандыруы (+19% немесе ₸116,1 млрд) — икемді тарифтеу жүйесінің енгізілуі және елдегі (жаңа автокөліктер сатылымының 18%-ға өсуі); сонымен қатар мүлікті зақымданудан сақтандыру cыйақылары (+14% немесе ₸13,1 млрд) — ипотекалық қарыздардың (+16%-ға) өсуі, тұрғын үйді пайдалануға берудің 4,4%-ға артуы және елдегі құрылыс жұмыстарының жалпы 15,1%-ға жылдамдауымен байланысты.
- ЖСК бойынша сақтандыру төлемдері 38,1%-ға өсті (өткен жылғы 7,4% өсіммен салыстырғанда). Негізгі өсім мүлікті зақымданудан сақтандыру төлемдері (+60,6% немесе ₸25,1 млрд), автокөліктердің азаматтық жауапкершілігі бойынша төлемдер (+33,2% немесе ₸19,2 млрд) және ауру жағдайына байланысты сақтандыру төлемдері (+18,0% немесе ₸5,3 млрд) арқылы қамтамасыз етілді.
- Төлемдердің өсуі сақтандыру қамтудың және жасалған келісімшарттар санының (+1,4 млн) ұлғаюын көрсетеді, сондай-ақ, сақтандырылған активтер бағасының қымбаттауынан туындап, төлемдердің орташа мөлшерінің ұлғаюына (₸261 мың дейін, vs бұрын ₸192,1 мың) әкелді.
- Нәтижесінде төлемдер мен сыйақылар қатынасы 30%-дан 34%-ға дейін өсті, бұл төлемдердің сыйақыларға қарағанда жылдам өсуін көрсетеді.
Төлемдердің сыйақыларға қатынасының нашарлауына қарамастан, ЖСК пайдасы 17,5%-ға өсіп, ₸107,1 млрд-дан ₸125,9 млрд-қа жетті. Бұл сақтандыру қызметінен түсетін кірістердің (+₸91,6 млрд) және инвестициялық табыстың (+₸10,0 млрд) өсуі, сақтандыру портфелінің кеңеюі, шетел валютасын қайта бағалау (USD/KZT курсы 525,10-дан 549,07-ге өсуі) және қаржы нарықтарының қолайлы конъюнктурасы нәтижесінде қамтамасыз етілді.







Қысқаша қорытынды
Биыл сақтандыру өнімдеріне сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр, бұл барлық сегменттерде жиналған сыйақылардың екі таңбалы өсіміне ықпал етті: ерікті мүлікті сақтандыруда (+16,5% немесе ₸8,7 млрд), міндетті сақтандыруда (+18,7% немесе ₸18,4 млрд) және ерікті жеке сақтандыруда (+40,9% немесе ₸24,8 млрд).
Осылайша негізгі үлес ерікті мүлікті сақтандыруға тиесілі (барлық сыйақылардан 69%-ы немесе ₸440 млрд), одан кейін міндетті сақтандыру (18% немесе ₸116 млрд) және ерікті жеке сақтандыру (13% немесе ₸85 млрд) тұр.
Сақтандырудың таралу деңгейінің ұлғайғаюын жалпы сақтандыру бойынша жасалған келісімшарттар санының едәуір өсуі арқылы да бағалауға болады: 10 ай ішінде олардың саны 9,8 млн келісімшартқа жетіп, 564 мыңға өсті.
Барлық келісімшарттардың шамамен 78%-ы жеке тұлғаларға тиесілі (бұрын 79%), ал қалған 22%-ы заңды тұлғаларға (бұрын 21%) жатады, бұл корпоративтік сұраныстың біртіндеп жандануы және бизнес сегментінде сақтандыру қамтудың кеңейіп келе жатқанын көрсетуі мүмкін.
Айта кетейік, жасалған келісімшарттар бойынша сақтандырылатын нысандар саны да күрт өсті — екі есе артып, 680 мыңға жетті (2024 жылдың сәйкес кезеңінде 319 мың), және іс жүзінде толықтай заңды тұлғалар арқылы қамтамасыз етілген (заңды тұлғалардың үлесі — 99%).
Заңды тұлғаларға қарай ауысу орташа сыйақының өсуімен байланысты (₸71,6 мың vs ₸70,5 мың) және әдетте, ұзақ мерзімді қамтамасыз етілген тәуекелдердің (мүлік, жауапкершілік, медициналық сақтандыру) үлесінің жоғары болуымен сипатталады, бұл сақтандыру компанияларының ақша ағындарын тұрақтандырып, төлемдердің тұрақсыздығын азайтады. Бұл сақтандыру сыйақыларының әрі қарай өсуін және сектордың қаржылық нәтижелерінің жақсаруын қолдауы мүмкін. Нарыққа қосымша серпінді инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың іске асуы, жұмыспен қамтудың және халықтың табысының өсуі, ипотекалық мәмілелер санының ұлғаюы және елдегі экономикалық белсенділіктің жалпы жеделдеуі (10 айда ЖІӨ 6,4%-ға өсті) беруі ықтимал. Осы факторлардың жиынтығы жыл соңына дейін сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштерінің екі таңбалы динамикасын сақтауға негіз бола алады.
ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды. ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.
Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

