07.11.2025
947 cапарлар
Импорт құрылымы машина жасау өнімдері мен азық-түлік тауарларына ауысады

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы қаңтар-тамыздағы тауар айналымына шолу ұсынады.

Кезеңнің негізгі үрдістері:

  • 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстанның тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға төмендеп, 90,2 млрд долларды құрады. Бұл нәтижеге ең көп әсер еткен фактор – экспорттың 5,7%-ға қысқаруы, ал импорт есе 2,8%-ға өсті.
  • Экспорт құрылымында 8 айдың қорытындысы бойынша негізгі төмендеу минералдық өнімдерге (-$3,4 млрд) және көлік құралдарына (-$640 млн) тиесілі. Бұл әлемдік шикізат бағасының төмендеуін және өнеркәсіптік өнімге сыртқы сұраныстың әлсіреуін көрсетеді.
  • Сонымен қатар, жалпы экспорттың төмендеуі жануар және өсімдік тектес өнімдер жеткізуден түскен кірістердің $1,2 млрд-ға өсуі есебінен біршама өтелді. Бұған азық-түлікке әлемдік бағалардың 1,4 т.п.-ға (ФАО ТБИ) өсуі мен экспорт көлемінің 40%-ға артуы себеп болды.
  • Елдің негізгі бес сауда серіктесі – Қытай ($21,1 млрд), Ресей ($17,0 млрд), Италия ($11,3 млрд), Нидерланд ($4,0 млрд) және Түркия ($3,4 млрд) жалпы тауар айналымының 63%-ын құрайды. Бұл олардың экономикалық ахуалындағы өзгерістердің Қазақстанның сыртқы саудасына айтарлықтай әсерін көрсетеді. Соңғы үш елмен қалыптасқан $14,8 млрд оң сальдо Ресей мен Қытаймен болған $8,8 млрд теріс сальдоны $6 млрд-ға жабады.
  • 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында дайын өнімдер экспортының үлесі 33,5%-дан 30,8%-ға дейін төмендеді. Бұл құлдырау тек сыртқы сұраныстың әлсіреуін ғана емес, сондай-ақ ішкі құрылымдық шектеулерді де (өндірістің жеткіліксіз жергіліктенуі, импортқа технологиялық тәуелділік, шетел тарапынан өсіп келе жатқан бәсекелестік) білдіреді.
  • Импорт құрылымы машина жасау және агроөнеркәсіп өнімдері жағына ығысты – көлік құралдары (+$592,9 млн), химия өнеркәсібі (+$428,7 млн), мал және өсімдіктер өнімдері (+$208,4 млн). Бұл ішкі тұтынудың өсуімен және ішкі өңдеуші өндіріс ұсынысының шектелуімен байланысты.
  • Импортталатын жекелеген тауарлар арасында баға жағынан елеулі өсім байқалды: үй жиһазы (+₸874,6 мың, тоннасы ₸3,7 млн-ге дейін), шоколад пен какао өнімдері (+₸742,3 мың, тоннасы ₸2,6 млн-ге дейін), тоңазыту жабдықтары (+₸323,0 мың, тоннасы ₸2,7 млн-ге дейін), сондай-ақ сүт пен кілегей (+₸252,0 мың, тоннасы ₸1,0 млн-ге дейін). Импорт бағасының қымбаттауы тек сыртқы баға факторларын ғана емес, валюталық ауытқуларды да көрсетеді.
  • Қазақстандағы инфляцияның 2025 жылдың 8 айындағы үдеуі (12,2%-ға дейін) негізгі сауда серіктестеріндегі тұтыну бағаларының төмендеуімен айқын қарама-қайшы келеді: ЕО – 2,0%, Ресей – 8,1%, Қытайда дефляция –0,4%. Бұл айырмашылықтар инфляцияның құрылымдық себептерінен туындайды (Қазақстанда – ТКШ және ЖЖМ реформалары, фискалдық ынталандырулар, айырбас бағамының құбылмалылығы, импортқа тәуелділік, логистика мен қызмет көрсету шығындарының өсуі және т.б.).
  • Маңызды факторлардың бірі – рубльдің теңгеге шаққандағы 36%-ға айтарлықтай нығаюы, ол импортқа, экспортқа және ішкі бағаларға бәсекелестік тетігі арқылы әсер етуде.
  • Осылайша, ағымдағы жылы сыртқы сауда жиынтық ЖІӨ-ге теріс үлес қосуда. Бұл теңгерімсіздік, сондай-ақ дайын өнімдер экспортының үлесінің төмендеуі, сауда балансына, ағымдағы шоттың тұрақтылығына және айырбас бағамы күтулеріне тікелей қысым көрсетіп отыр.

Резюме

Ағымдағы жылы Қазақстанның сыртқы саудасы макроэкономикалық тәуекелдердің күшеюімен және теңгерімсіздіктердің артуымен сипатталады. Импорттың құрылымы көлік құралдары мен агроөнеркәсіп салаларының пайдасына ығысып, бұл ішкі өңдеуші өндірістің шектеулерін және өсіп келе жатқан ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін жеткілікті жергіліктену деңгейінің жоқтығын айғақтайды.

Жоғары инфляция, негізгі сауда серіктестерінің деңгейінен асып түсіп, олардың ТБИ динамикасынан алшақтап отыр. Бұл сыртқы және айырбас бағамына байланысты баға шоктарының ішкі экономикаға берілуін күшейтеді. Нәтижесінде, отандық өндірушілердің баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі төмендеп, экспортқа бағытталған салалардың әлеуеті әлсіреуде.

Ішкі шығындардың өсуі мен импортқа тәуелділік экономиканың сыртқы шоктарға осалдығын арттырып, ел ішінде ақша-кредит саясатын жеңілдетуге мүмкіндік беретін кеңістікті шектейді.

Қысқа мерзімде ішкі тұтыну мен инвестициялық белсенділік аясында импорттың алда өсіп отыру үрдісінің сақталуы күтілуде, ал экспорттың қалпына келуі шикізат нарықтарындағы баға құбылмалылығымен және өңдеуші сектордың әлсіз динамикасымен шектелмек.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жиынтық импорт 64,3 млрд доллар деңгейінде (8 айда – 39,0 млрд доллар), ал экспорт 75,5 млрд доллар деңгейінде (8 айда – 53,2 млрд доллар) күтілуде. Бұл сыртқы саудадағы оң сальдоның қысқаруына және экспорттық сектордың ЖІӨ өсіміне қосатын үлесінің әлсіреуіне әкеледі.


Шолуын PDF-нұсқасы

ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды. ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.