22.12.2023
277 cапарлар
Ерікті сақтандырудың артықшылықтары: нелерді білу қажет

Бүгінгі таңда Қазақстанда сақтандырудың 26 ерікті сыныбы бар, олардың шеңберінде сақтандырушылар көптеген ерікті сақтандыру өнімдерін ұсынады. Мысалы, міндетті автосақтандыруға қосымша ретінде аварияға кінәлі адамның өз автокөлігін зақымданудан ерікті сақтандыруды, міндетті сақтандыру шеңберінде шекті сомадан тыс қосымша өтеуді, біреудің бейқамдылығынан қорғауды (аварияға кінәлі адамда сақтандыруы болмаған кезде) және т.б. сатып алуға болады. Әрине, сақтандыру қорғаумен неғұрлым көп тәуекелдер қорғалатын болса, сақтандыру соғұрлым қымбат болады. Fingramota.kz-пен бірлесіп ерікті сақтандырудың негізгі артықшылықтарын қарастырайық.

Қазақстандықтардың басым көпшілігі сақтандыруды, ең алдымен, автокөлік иесінің жол үстіндегі жауапкершілігі сақтандырылатын көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен (бұдан әрі – КҚИ АҚЖМС) байланыстырады. Бұл ретте жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі автокөлік иесі іс жүзінде зардап шеккен адамға ақша төлеуден басқа, өз көлігін зақымданудан қалпына келтіруге мәжбүр болады. Сонымен қатар, апат салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залал мөлшері сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің заңда көзделген шекті көлемінен асып кетуі мүмкін. Осындай  жағдайларда ерікті сақтандырудың пайдасы болады.

Ерікті сақтандыру – бұл тараптардың ерік білдіруіне байланысты жүзеге асырылатын сақтандыру. Бұл сақтандыру шартының тараптары оны КҚИ АҚЖМС жағдайындағы заң талаптарына байланысты емес, өз еркімен жасасады дегенді білдіреді.

Клиент сақтандырудың қажеттілігін өзі шешеді. Бұл сақтандырушыларға нақты клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын стандартты емес жеке өнімдер жасауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, сақтандырушы клиентке ерікті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы. Кез келген мәмілені жасасу кезіндегі сияқты  тараптардың сақтандыру шартының талаптарын өзара келісу процесі маңызды болып табылады. Сақтандыру шартын жасаса отырып, сақтандырушы клиент төлеген сақтандыру сыйлықақысының орнына оған сақтандыру қорғауды  ұсынады. Сақтандыру талаптарын келісу кезінде клиентке сақтандыру нақты қандай тәуекелді талап ететінін білу маңызды, сондай- ақ, егер сақтандыру нысаны мүлік болып табылса, сақтандыру нысанының жай - күйі туралы, егер үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру көзделген жағдайда - ықтимал және ілеспе тәуекелдер туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа ие болуы қажет. Мысалы, мүлікті ерікті сақтандыру жағдайында оның құны және техникалық жағдайы туралы ақпарат болуы керек. Бұл ақпарат сақтандырушының өз тәуекелдерін (болашақ міндеттемелерін) мониторингтеу үшін қажет, себебі сақтандыру шартын жасасу тәуекелдерді клиенттен (сақтанушыдан) сақтандырушыға беруді білдіреді.

Сондықтан, сақтандыруға, мысалы, пәтерді өрттен сақтандыруға өтінім алу кезінде сақтандырушы пәтердің құнын бағалауды, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелеріне техникалық сараптама жүргізеді және шартқа белгілі бір тәуекел санатын береді, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталған кезде ықтимал зиян мөлшерін есептеуді жүзеге асырады. Алынған ақпарат негізінде сақтандырушы осы мүлікті сақтандыруға қатысты сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін белгілейді.

Біздің елімізде ерікті сақтандыру қарқынды дамып келеді. Ағымдағы жылдың 11 айында ерікті сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақылары 849,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34%-ға артық. Ерікті сақтандыруда ең көп үлес өмірді сақтандыруға (23%) келеді, мүлікті сақтандыру (21%), зейнетақылық аннуитеттік сақтандыру (13%) және автомобиль көлігін сақтандыру (13%) сыныптары алады.

Ерікті сақтандыру шартының маңызды талаптары шартта қамтылатын сақтандыру тәуекелдері мен оқиғаларының тізбесі, сондай-ақ сақтандыруға жатпайтын жағдайлар мен ерекшеліктер болып табылады. Сондай-ақ, шартта сақтандыру жағдайының басталуына (суброгация) жауапты тұлғаға талап ету құқығының сақтандырушыға ауысуы көзделуі мүмкін.

Суброгация сақтандырушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін сақтанушының құқықтары мен шығындарға жауапты үшінші тұлғаларға қойылуы мүмкін  талаптарға құқық алуын көздейді. Бұл қағида зиян үшін шынымен жауапты тараптардың бірінің өз әрекеттері үшін қаржылық жауапкершіліктен бұлтармауына ықпал етеді.

Сонымен қатар, сақтандыру шартында франшиза түрінде есептен шығару көзделуі мүмкін.

Франшиза — бұл сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден асатын шығынды өтеуден босату. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады. Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын шығынды өтеуден босатылады, алайда оның мөлшері бұл сомадан көп болса, шығынды толық өтеуі тиіс.  Шартсыз франшиза кезінде шығын барлық жағдайда белгіленген соманы шегере отырып өтеледі.

Франшиза клиенттің шығындар үшін өзіндік жауапкершілік үлесін білдіреді.

Сақтандыру шартында 50 000 теңге мөлшерінде шартсыз франшиза көзделген делік. Егер 300 000 теңге мөлшерінде шығындары бар сақтандыру жағдайы орын алса, сақтандыру компаниясы франшизаны шегере отырып, 250 000 теңге мөлшерінде төлем жүзеге асырады.

Сақтандыру шартында франшизаның бар болуы сақтандыру құнына әсер етеді: франшиза неғұрлым жоғары болса, сақтандыру құны соғұрлым төмен болады.

Шарт сондай-ақ төлемді жүзеге асыру үшін құжаттардың тізбесін және оны жүзеге асырудың нақты мерзімдерін қамтуы тиіс. Сақтандырудың әр түрі кезінде сақтандырушы сақтандыру оқиғасын қарау үшін қажетті түрлі құжаттарды айқындауы мүмкін.

Клиент барлық осындай талаптарға шартты келісу кезінде назар аударуы қажет. Сақтандыру төлемі қандай тәуекелдерді өтейтінін және қандай сақтандыру оқиғалары болған кезде компания төлем жүзеге асыратынын түсіну маңызды. Шарттағы кез келген даулы және екіұшты тұжырымдар  болашақта  сақтандыру төлемін алу үшін кедергі болуы мүмкін. Ерікті сақтандыру шартын шарттың екі тарабы да келісуі қажет және клиенттер  ескертулер енгізуге және ҚР заңнамасына қайшы келмесе, оның талаптарын өзгертуге құқылы.

Қорытындылай келе, ерікті сақтандыру полисі сақтанушыға өзі және оның отбасы үшін сенімділік береді әрі қаржылай қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ жақындары үшін материалдық қолдау көрсетеді, бұл өмірде маңызды тірек болып табылады. Алайды ерікті сақтандыру шартын жасай отырып, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу үшін өз құқықтарыңыз бен әрекет ету тәртібін білу үшін оның барлық талабын мұқият зерделеу қажет.

 

Өзіңізге, денсаулығыңызға абай болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Соңғы жаңалықтар
26.12.2024
Дамушы және дамыған елдер 2024 жылғы қиындықтарға қалай жауап береді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024-2025 жылдардағы Қазақстанның әлемдік экономикасы мен экономикасына қатысты даму қорытындылары мен болжамдарын ұсынады.
24.12.2024
Зейнетақы аннуитеттеріне және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныс 2025 жылы ӨСК өсімін қолдайды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
18.12.2024
Инфляция, теңге және мұнай: 2025 жылғы негізгі макроэкономикалық сын-қатерлер
Қазақстан үшін 2025 жылы ең маңызды тәуекел АҚШ-та тақтатас мұнайын өндірудің күтілетін ұлғаюына, ОПЕК+ ағымдағы бағаларға төзімділігінің артуына байланысты шикізат бағасының одан әрі төмендеуі жазықтығында болуы мүмкін. Мұндай сценарий негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге теріс әсер етуі мүмкін, бұл экономиканы әртараптандыру және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі күш-жігерді айтарлықтай қиындатады.
12.12.2024
Мұнайға деген сұраныстың төмендігі және жоғары базалық мөлшерлеме жаңа жылда ЖІӨ өсуін шектеуі мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы желтоқсандағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
01.12.2024
Банк секторы 520 мың бизнес субъектісіне ₸13,1 трлн жаңа қарыз берді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айында кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
21.11.2024
Елдегі төлем карталарының саны 80 миллион бірлікке жетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.