19.12.2023
814 cапарлар
Кәсіпкерлерге арналған жалпыға бірдей декларациялау: нелер жөнінде білу қажет

2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудан бизнес иелері мен олардың жұбайлары өтуге тиіс. Бұл ретте кәсіпкерлік қызметтің ауқымы, кіріс мөлшері маңызды емес – декларацияны барлығы толтыруға міндетті. Fingramota.kz-тің материалында жалпыға бірдей декларациялаудың қыр-сыры жөнінде айтып береміз.

Салық салу – бұл мемлекеттік басқарудағы басты функциялардың бірі, сондай-ақ қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы негізгі талаптардың бірі.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіретін бірінші жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (нысан 250.00). Екінші жылдан бастап кірістер мен мүліктер жөнінде декларация ұсыну қажет
(нысан 270.00). Бұл ретте, жалпыға бірдей декларациялау бір жолғы емес, жыл сайын ұсынылатынын атап өтеміз.

Сондай-ақ, декларацияны қызметін уақытша тоқтатқан және мүлдем тоқтатқандар ұсынуға тиіс екендігін естен шығармау қажет.  Сондықтан бизнес иелерінің екі жолы бар: не жеке кәсіпкерлікті  алдын ала жабу не декларация ұсыну.  Бұл талап филиалдар мен өкілдіктердің басшыларына қолданылмайды.

Декларацияның үлгі нысанын ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде және Салық төлеушінің кабинетінде «Салық есептілігінің нысандары» бөлімінде оқып білуге болады.

Декларацияны екі форматта – қағаз және электрондық түрде беруге болады. Бірінші жағдайда декларациямен ХҚО-ға келуге немесе тапсырыс хатпен мемлекеттік кірістер департаментіне жіберуге болады. Электрондық түрдегі  декларациялар Салық төлеушінің кабинеті, eGov порталы, сондай-ақ  eSalyq Аzamat және eGov mobile қосымшалары арқылы қабылданады.

Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну қажет. Декларацияда мүлікті сатып алу және/немесе сату, оны сыйлыққа немесе мұраға алу, сондай-ақ ел аумағынан тысқары мүлікті қоса алғанда, мемлекеттік немесе басқа тіркелуге тиіс мүлік туралы ақпаратты көрсету қажет.  Мұндай мүліктер тізбесіне, мыналар кіреді:

  • жылжымайтын мүлік және жер телімдері, Қазақстан аумағынан тыс жерлердегі жер үлестерін қоспағанда;
  • көлік құралдары: Қазақстаннан аумағынан тыс жерлерде ұшақ, кеме,  автомобиль, мамандандырылған техника;
  • шетел компаниясындағы үлес ;
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша тұрғын үйлердегі үлестер;
  • зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
  • инвестициялық алтын;
  • бағалау құны болған кезде құны 1 000 еселенген АЕК-тен асатын өзге де мүлік;
  • егер олар жиынтығында 1 000 еселенген АЕК-тен асатын болса, Қазақстан аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша;
  •  1 000 еселенген АЕК шегінен аспайтын сомадағы қолма-қол ақша;
  •  нотариат куәландырған қарыз шарттары. Мұнда қарызды берген тұлға мен қарыз алушы есеп беруге тиіс.

Жалпыға бірдей декларациялауға қалай дайындалу қажет:

  • егер сізде 10 000 АЕК-тен асатын мөлшерде ақша қаражаты бар болса, онда банкке салыңыз, осылайша ол бастапқы декларацияда көрінетін болады;
  • егер сізде жұмыс істемейтін ЖШС немесе ДК бар болса, онда оның жабуға тырысыңыз;
  • егер жеке тұлғалардан алатын қарыздарыңыз болса, онда мұндай қатынасты 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ресімдеп алыңыз;
  • егер сіздің құны1000 АЕК-тен асатын мүлігіңіз бар болса, бағалауды 31.12.2023ж. декларация беру мерзіміне дейін жүргізу қажет;
  • егер сіз 2024 жылы ірі сатып алуды жоспарласаңыз, онда оны декларацияда қалай көрсететініңізді анықтап алыңыз.

 

Қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз және Fingramota.kz-пен бірге барлық жаңалықтардан хабардар болыңыз!

Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.