19.03.2019
1773 cапарлар
Global Finance нұсқасы бойынша ForteBank биыл да үздік қаржы ұйымдарының қатарында

12 наурыз күні Нью-Йоркте "Global Finance" журналы жыл сайынғы дәстүр бойынша 26-шы рет әлемнің үздік банктерін салтанатты жағдайда марапаттады.

"Global Finance" журналының ұжымы қарқынды өсу, инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру критерийлерін негізге ала отырып, жыл сайын 150-ден астам елдегі үздік қаржы институттарына зерттеу жүргізеді және таңдайды. Биыл да оңтайлы және ыңғайлы сервистерімен және керемет бизнес нәтижелерімен бірқатар банктер лауреат деп танылды. Халықаралық басылымның оң көзқарасына ие болған қаржы ұйымдарының арасында қазақстандық Forte банкі бар.

Салтанатты рәсімде банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили былай деді: "Біз үшін Global Finance журналының марапатын алу – үлкен құрмет. Бұл марапатты екі жыл қатарынан иеленуіміз біздің тұтынушыларымызға тиімді қызметімізді және стратегиямыздың дұрыс таңдалғанын растайды. Банк өзінің клиенттеріне үздік инновациялық өнімдерін ұсына отырып, капиталының жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша нарықта көшбасшылық позициясын сақтап қалады. Біз 2018 жылы барлық қаржылық және операциялық көрсеткіштер негізінде айтарлықтай өсімге қол жеткізіп, активтер мөлшері бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің топ-3 құрамына кірдік. Ал бұл жетістігіміз халықаралық сарапшылар тарапынан бағаланғанына қуаныштымыз".

Айта кетейік, "Global Finance" талдаушыларының пікірінше, ForteBank жеңісін анықтаған негізгі факторлар нарықтық позицияларының күшеюі, географиялық қамтуы және клиенттер үшін үздік инновациялық қызмет көрсетуі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар
04.06.2026
Сарапшылардың жартысынан көбі ақша-несие саясатының жұмсара бастауын күтеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы маусымдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
03.06.2026
Бөлшек нарықтың баяулауы жағдайында несиелерге негізгі сұранысты бизнес қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын ұсынады.
26.05.2026
Соңғы жылдарда алғаш рет банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алу көлемінің төмендеуі тіркелді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар статистикасына қатысты шолуды назарларыңызға ұсынады.
22.05.2026
Ішкі салықтар бюджет кірістері өсімінің негізгі қозғаушы күшіне айналуда
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ҚР бюджет теңгерімінің шолуын ұсынады.
19.05.2026
Жалпы сақтандыру компанияларының сыйақылары 2,9%-ға төмендеді, ал төлемдер 24,2%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығына арналған шолуды ұсынады.
19.05.2026
Активтердің өсуі нәтижесінде өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ірі институтционалдық инвесторлардың рөлін күшейтіп келеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына шолуды ұсынады.