14.11.2019
1367 cапарлар
Қазақстандықтар қыркүйек айында интернетте 1,1 трлн теңге жұмсады

ҚҚҚ талдау орталығы сіздерің назарларыңызға 2019 жылғы қыркүйекте карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 1 357,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 2,6 есеге және 2019 жылдың тамызымен салыстырғанда 17,9% - ға артты.ҚР аумағындағы карточкалар бойынша төлемдердің жалпы көлеміндегі Алматы қаласының үлесі қыркүйек айының қорытындысы бойынша 72% - дан 45% - ға дейін төмендеді. Бұл ретте бір мезгілде елдің қалған барлық өңірлерінде өсім байқалады, бұл өңірлер бөлінісінде статистикалық деректерді нақтылауға байланысты болуы мүмкін.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көрсеткішінің қыркүйекте және алғаш рет тарихта банкоматтардан қолма-қол ақшаны алуға қатынасы 100% - дан асып, 107% - ды құрады. Басқаша айтқанда, карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлем қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар көлемінен асып түсті. Бұл жағдайда операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем және банкоматтардан алу) қыркүйекте бұрын 44% - дан 52% - ға дейін өсті.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Өңірлер бойынша бөлуде қыркүйекте ең үлкен өзгерістер Алматы қаласындағы карточкалар бойынша транзакциялар көлемінің төмендеуіне (-217,1 млрд теңге) және барлық қалған өңірлерде бір мезгілде өсуге қатысты болды. Сонымен қатар, Нұр-сұлтан қаласында қолма-қол ақшасыз төлемдер қыркүйекте 110 млрд теңгеден астам сомаға өсті. 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда Ақмола облысы ғана теріс динамиканы көрсетті (1-кестені қараңыз).

1-кесте. Өңірлер бөлінісінде карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің динамикасы:

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкаларын пайдалана отырып қолма – қол ақшасыз төлемдер бойынша «Орташа чек» қыркүйекте 12 743 теңгеге дейін өсті (ай бұрын – 12 250), ал банкоматта алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден 3,6 есе асып, 45 504 теңгені құрайды (ай бұрын-46451).

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Сонымен қатар, ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма - қол ақшасыз төлемдер көлемінің 78%-ы интернетте төлеуге, ал 21%-ы POS-терминалдар арқылы төлеуге тиесілі. Бұл ретте соңғы 12 айда Қазақстанда карточкалар бойынша транзакциялардың жалпы көлемінде POS-терминалдардың үлесі екі еседен астам, 44-тен 21% - ға дейін төмендеді.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

ҚР ҰБ хабарламасынан

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлем карточкаларын эмиссиялауды нақты 22 банк және "Қазпошта"АҚ жүзеге асырады. Аталған ұйымдар VISA International, MasterCard Worldwide, UnionPay International, American Express International және Diners Club International халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларын шығарады және таратады. Бұдан басқа, Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, Қазақстан Ситибанкасының жергілікті карточкасы - "Ситибанк Қазақстан" АҚ және төлем карталары жүйесі Kaspi.kz - "Kaspi Bank"АҚ.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша айналымда 30,6 млн.төлем карточкалары бар, ал осы карточкаларды ұстаушылардың саны 27,2 млн. адамды құрады. (2018 жылдың осы күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 43,4% және 55,4% - ға өсті). Ең көп тараған дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 79,0%, несиелік карточкалардың үлесі 17,8% құрайды. Несиелік лимиті бар дебеттік және алдын ала төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 1,7% және 1,5% келеді.

2019 жылдың тоғыз айында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакция көлемі 20,9 трлн.теңгені құрады. (2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 50,2%). Транзакциялар саны осы кезеңде 1,1 млрд. транзакцияны құрады және 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,7%-ға артты.

Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдердің саны мен көлемі 2 еседен астам өсті (саны 783,4 млн.транзакцияны құрады, көлемі – 8,9 трлн. теңге), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардың өсуі – саны бойынша 40,2% (282,8 млн. транзакция) және операциялар көлемі бойынша 23,7% (12,1 трлн. теңге) құрайды.

Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз операциялар санының негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы саны мен көлемінің 50,5% және 30,0%) және интернет/мобильдік банкинг (тиісінше 48,8% және 68,3%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінің 91,7% және 84,5%).

ҚРҰБ статистикасы

Соңғы жаңалықтар
21.11.2024
Елдегі төлем карталарының саны 80 миллион бірлікке жетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
18.11.2024
Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XII Конгресі өтті
15 қарашада Алматыда қазақстандық қаржы нарығы мамандарының дәстүрлі жыл сайынғы кездесуі өтті. ҚҚҚ, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұйымдастырған қаржыгерлердің он екінші Конгресі Қаржы секторын ырықтандыру және дамыту тақырыбына арналды.
13.11.2024
Сарапшылар USD KZT бағамын бір жылдан кейін бір доллар үшін 507 теңге деңгейінде күтеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қарашадағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
12.11.2024
Қаржы секторы құрылыс, байланыс және ауыл шаруашылығы салалары біріктірілгендей көп салық төлейді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы Қазақстанның банк секторына шолу ұсынады.
28.10.2024
Корпоративтік облигацияларды орналастыру жыл басынан бері 3 трлн теңгеден асты
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
13.10.2024
Сарапшылардың төрттен үш бөлігі базалық мөлшерлеменің ішкі инфляциялық факторлар аясында сақталуын күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қазандағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.