16.09.2026
568 cапарлар
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр

ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.

Негізгі үрдістер

  • 2026 жылдың 6 айында орта бизнес тарапынан қарыз алуға түскен өтінімдер саны жылдық мәнде 4,1%-ға өсіп, 10,3 мыңға жетті, ал жалпы бизнес бойынша өсім небәрі 1,2%-ды құрады.
  • Бұл ретте оң серпін екі тоқсан бойы сақталды: І тоқсанда т/т 5,3%-ға өскеннен кейін, ІІ тоқсанда өтінімдер саны тағы 4,4%-ға артты, бұл белсенділіктің бір реттік секірісін емес, сұраныстың тұрақтылығын көрсетеді.
  • Орта бизнес тарапынан сұраныстың артуы кәсіпорындардың ағымдағы және инвестициялық белсенділігінің кеңеюімен, атап айтқанда, өнеркәсіп пен сауда саласындағы белсенділікпен, сондай-ақ банктердің өңірлік белсенділігі мен жекелеген мемлекеттік қолдау бағдарламалары есебінен қаржыландырудың қолжетімділігінің артуымен байланысты болды. Бұл ретте «Өрлеу» бағдарламасы шарттарының өзгеруі және қарыз алушыларға қосымша талаптардың енгізілуі, керісінше, сұраныстың бір бөлігін тежеді (ҚРҰБ кредиттеу бойынша сауалнамасына сәйкес).
  • Сонымен қатар, өтінімдердің мақұлдану конверсиясы да жақсарды. Мақұлданған өтінімдердің орташа үлесі 33,8%-дан 38,0%-ға дейін көтеріліп, нарықтық орташа көрсеткішпен алшақтық 7,2 п.т.-тан 6,0 п.т.-қа дейін қысқарды. Бұл орта бизнестің қаржылық бейінінің біршама тұрақты болуымен түсіндіріледі. ІІ тоқсанда орта кәсіпорындардың 77,6%-ы қалыпты немесе тұрақты қаржылық жағдайда болды, ал жағдайы сын көтермейтін компаниялардың үлесі 22,4%-ды құрады, бұл шағын бизнес көрсеткіші 33,8%-дан төмен.
  • Өтінімдер санының өсуі және олардың мақұлдану үлесінің артуы аясында жаңа несиелер көлемі ж/ж 56,2%-ға өсіп, ₸1,9 трлн-ға жетті. Салыстырмалы түрде жалпы бизнес бойынша өсім 20,7%-ды құрады.
  • Нәтижесінде, корпоративтік берілімдердегі орта бизнестің үлесі 12,8%-дан 16,6%-ға дейін өсіп, оның бизнес-кредиттеудің жалпы көлемін кеңейтуге қосқан үлесін арттырды.
  • Өсім қарыз ресурстарының жоғары құны сақталған жағдайда жүрді. Орта бизнес үшін орташа мөлшерлеме жоғарырақ базалық мөлшерлеме есебінен 18,3%-дан 19,7%-ға дейін өсті, бірақ бұрынғыша тұтастай алғанда бизнеске берілген несиелердің орташа көрсеткішінен (22%) төмен қалды. ІІ тоқсанда жекелеген банктер базалық мөлшерлеменің артынша кредиттеу құнын төмендетсе, ал басқалары қаржыландыру құнының жоғары болуына байланысты бұрынғы шарттарды сақтап қалды.
  • Несие беру серпіні салалар бойынша айтарлықтай шоғырланғандығын көрсетті. Барлық өсімнің жартысына жуығын өнеркәсіп (+₸332 млрд) қамтамасыз етсе, тағы 30%-ы сауда саласына (+₸201 млрд) тиесілі болды.
  • Сұратылатын қарыздың орташа мөлшері біршама — 8,1%-ға өсіп, ₸914,7 млн-ға жетті. Бұл ретте несие портфелінде ірі келісімшарттардың үлес салмағы айтарлықтай артты: ₸10 млрд-тан асатын несиелердің үлесі 9,6%-дан 24,7%-ға дейін өсті (төменді қараңыз).
  • Мерзімі бойынша орта бизнесті кредиттеу құрылымы нарықпен іс жүзінде сәйкес келеді: берілген несиелердің 63,5%-ы бір жылға дейінгі қарыздарға тиесілі, ал ұзақ мерзімді қарыздар – 36,5% үлесті алды. Бизнес бойынша бұл көрсеткіштер сәйкесінше 63,8%-ды және 36,2%-ды құрады.
  • Белсенді түрде несие беру аясында орта бизнестің портфелі жыл басынан бері 10%-ға және ж/ж 28,6%-ға өсіп, ₸3,3 трлн-ға жетті. Осылайша, ірі бизнестен айырмашылығы, орта сегменттегі несие айналымының өсуі қарыз қалдығының ұлғаюымен де қатар жүріп жатыр.
  • Жартыжылдықтың соңында орта бизнес сегментіндегі мерзімі өткен берешек деңгейі (жыл басындағы 1,7%-бен салыстырғанда 1,3%) кәсіпкерлердің негізгі санаттары арасындағы ең төменгі көрсеткіш болып, нарықтағы орташа мәннен (3%) екі еседен астам төмен қалыптасты.
  • Екінші жартыжылдықта орта бизнес озыңқы өсім әлеуетін сақтап отыр: сұраныс арта түсуде, өтінімдердің конверсиясы жақсарып келеді, ал бұрын қалыптасқан портфельдің сапасы жоғары күйінде қалып отыр.

Резюме

Орта бизнес кәсіпорындар саны жағынан салыстырмалы түрде шағын сегмент болып қала береді, алайда оның экономикалық салмағы сандық көрсеткішінен айтарлықтай жоғары. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол өндірген тауарлар мен қызметтердің үлесі 3,1 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайында елдің ЖІӨ-дегі 7,2%-ды құрады. Сондықтан, орта бизнестің корпоративтік кредиттеудегі рөлінің күшеюі тұтастай алғанда экономикалық белсенділікті қаржыландыру тұрғысынан да маңызды.

Бірінші жартыжылдықта сегмент несие нарығындағы өз қатысуын айтарлықтай ұлғайтты. Өтінімдер саны небәрі 4,1%-ға өскенімен, жаңадан берілген несиелердің көлемі жартылай өсімнен асып түсті. Ал олардың корпоративтік кредиттеудегі үлесі 12,8%-дан 16,6%-ға дейін көтерілді. Бұл өсіп-өркендеу өтінімдер ағымының кеңеюі есебінен емес, олардың конверсиясы мен іс жүзінде беріліп жатқан қаржыландыру көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілгенін білдіреді.

Ірі бизнестен айырмашылығы, орта сегмент үшін несие берудің өсуі жартыжылдықта 10%-ға ұлғайған портфелдің өсуімен де қатар жүреді, ал орта бизнестің корпоративтік портфельдегі үлесі 16,8%-ға жетті. Кредиттеу мерзімділігінің барынша теңгерімді болуы жаңа қаржыландырудың бір бөлігіне қысқа айналым циклі шеңберінде толық өтелмей, портфельде ұзақ мерзімге бекіліп қалуға мүмкіндік береді. Бұл ретте өсім құрылымы біртектілігін жоғалта бастайды.

Негізгі өсімді өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етеді, ал ₸10 млрд-тан асатын несиелер бойынша берешек үлесі айтарлықтай ұлғайды. Бұл орта бизнес аясында капиталды көбірек қажет ететін жобалар тобы қалыптасып жатқанын көрсетеді, ал бүкіл сегмент бойынша несиелердің жаппай іріленуі әзірге байқалмайды.

Өсімнің сапасы маңызды ерекшелік болып қала береді. Портфельдің кеңеюі проблемалық берешектің қысқаруымен қатар жүріп жатыр: мерзімі өткен берешек деңгейі 1,3%-ға дейін төмендеді және бизнестің негізгі санаттары арасындағы ең төменгі көрсеткіш күйінде қалып отыр.

ҚРҰБ банктерінің сауалнама деректері бойынша, үшінші тоқсанда орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан несиеге деген сұраныстың бірқалыпты артуы күтілуде. Бұл аталмыш сегменттің кредиттеу динамикасының оң болуына және оның 2026 жылы корпоративтік кредиттеудің негізгі драйверлерінің қатарында сақталуына алғышарттар жасайды.

Шолуын PDF-нұсқасы

ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды. ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.