09.07.2019
1452 cапарлар
Қазақстандық эмитенттердің карточкалары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі триллион теңгеден асты

2019 жылдың мамырында ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 927,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 2,4 есеге және сәуір айымен салыстырғанда 10,5% - ға өсті. ҚР аумағындағы карточкалар бойынша төлемдердің жалпы көлеміндегі Алматы қаласының үлесі мамыр айының қорытындысы бойынша сәуірмен салыстырғанда 70% - ды құрап, өзгеріссіз қалды. Бұл ретте қазақстандық эмитенттердің карточкалары (ел ішінде және одан тыс жерлерде) бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге, 1 020,0 млрд теңгеге дейін өсті.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көрсеткішінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы мамыр айында 69% - ға дейін ұлғайып, кезекті максимумға жетті (көрсеткіш кезінде ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлем 100% - ға дейін өсті, қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар көлемімен салыстырылады). Сонымен қатар, операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем плюс банкоматтардан алу) мамыр айында 41% - ға дейін өсті.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Өңірлер бойынша бөлуде мамыр айында ең үлкен өзгерістер Алматы қаласындағы карточкалар бойынша транзакциялар көлемінің өсуіне қатысты болды (+63,4 млрд теңге). Барлық өзге аймақтардың аумағындағы карточкалар бойынша төлемдер динамикасы Мамырда да оң болды, бірақ 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда бірнеше өңірлер теріс динамиканы көрсетті (1-кестені қараңыз).

1-кесте. Өңірлер бөлінісінде карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің динамикасы:

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкаларды пайдалана отырып, қолма – қол ақшасыз төлемдер бойынша «орташа чек» мамыр айында 10 601 теңгеге дейін өсті (ай бұрын – 10 127), ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден 4,3 есе артық және 42 014 теңгені құрайды (ай бұрын – 45 929).

Дереккөз: ҚРҰБ

ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма - қол ақшасыз төлемдер көлемінің 66%-ы интернетте төлеуге, ал 32% - ы POS-терминалдар арқылы төлеуге келеді. Бұл ретте соңғы 12 айда Қазақстанда карточкалар бойынша транзакциялардың жалпы көлемінде POS-терминалдардың үлесі 12% - ға төмендеді.

Дереккөз ҚРҰБ

ҚР ҰБ хабарламасынан

2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша төлем карточкаларын эмиссиялауды іс жүзінде 22 банк және "Қазпошта"АҚ жүзеге асырды. Аталған ұйымдар VISA International, MasterCard Worldwide, UnionPay International, American Express International және Diners Club International халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларын шығарады және таратады. Бұдан басқа, Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және Қазақстан Ситибанкісінің жергілікті карточкасы - "Ситибанк Қазақстан"АҚ

2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша айналымда 25,1 млн.төлем карточкалары бар, ал осы карточкаларды ұстаушылар саны 21,8 млн. адамды құрады (2018 жылғы ұқсас күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 20,8% және 20,2% өсті). Ең көп тараған дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 75,3%, кредиттік карточкалардың үлесі 20,8% құрайды. Кредиттік лимиті бар дебеттік және алдын ала төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 2,0% және 1,8% келеді.

2019 жылғы мамырда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы транзакциялар көлемі (төлемдер мен банкоматтардан алу) 2 393,6 млрд.теңгені құрады (2018 жылғы мамырмен салыстырғанда өсім 57,5%). 2019 жылғы мамырда транзакциялар саны 125,5 млн. транзакцияны құрады және 2018 жылғы мамырмен салыстырғанда 2 есеге артты. Бұл ретте қазақстандық эмитенттердің карточкалары бойынша қолма – қол ақшасыз төлемдер саны мен көлемі 2,3 есе өсті (саны 92,4 млн. транзакцияны құрады, көлемі – 1 020,0 млрд. теңге), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардың өсуі – 44,8% (саны 33,1 млн. теңгені құрады). және тиісінше 27,7% (көлемі 1 373,6 млрд. теңгені құрады) құрады.

Қолма-қол ақшасыз төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы саны мен көлемінің 52,9% және 32,6%) және интернет/мобильді банкинг (тиісінше 46,4% және 65,8%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінің 91,2% және 83,5%).

ҚРҰБ статистикасы

Соңғы жаңалықтар
26.02.2026
Сауда профициті ЖІӨ-нің 4,6%-ына дейін төмендеді: ағымдағы шотқа түсетін қысым күшейіп келеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарыңызға Қазақстанның 2025 жылғы тауар айналымы бойынша шолуды ұсынады.
18.02.2026
Өңірлер бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің ену деңгейі теңесіп келеді
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылға арналған банк карталары арқылы жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялар статистикасына шолуын ұсынады.
12.02.2026
Бюджет мұнай тәуелділігінен біртіндеп арылып келеді, бірақ борыштық жүктеменің артуына тап болуда
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға Қазақстан Республикасының 2025 жылғы бюджет теңгеріміне қатысты шолуды ұсынады.
12.02.2026
Аннуитеттік және жинақтаушы сақтандыру өнімдері ӨСК сегментіндегі сақтандыру сыйақыларының жартысынан астамын қалыптастырады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылғы Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына жасалған шолуды ұсынады.
11.02.2026
Бір жылдан кейінгі күтілетін инфляцияның орташа бағалауы бұған дейінгі 11,4%-дан 11,6-ға дейін өсті
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы нарықтың кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылғы ақпанда кейбір индикаторларға қатысты жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.
05.02.2026
Банктер қымбат қаржы ресурстарына, салықтық жүктеменің артуына және реттеуші шектеулерге бейімделіп жатыр
ҚҚҚ Талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы банк секторына шолуын ұсынады.