16.07.2021
6749 cапарлар
Соңғы үш жылда Қазақстанның ипотекалық нарығы мемлекеттік қаражат есебінен өсуде

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2021 жылдың алғашқы бес айындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды ұсынады.

Кезеңнің негізгі тенденциялары

  • Ағымдағы жылғы қаңтар–мамырда ипотеканы беру көлемінің өсіп келе жатқанына қарамастан (5ай2020 жылы ₸592 млрд ₸216,3 млрд теңгеге қарсы және 5ай2019 жылы  ₸270 млрд), ипотекалық портфельдің өсу қарқыны зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алып қою шеңберінде жүзеге асырылатын қомақты өтеу көлемі (₸483 млрд) есебінен төмендетіледі.
  • Өткен жылы пандемия жағдайында ипотека нарығы өскенін ескере отырып, ағымдағы несиелер беру қарқынының баяулауы тек локдаун кезеңінде(наурыздан мамырға дейін) байқалды, бірақ маусымнан бастап қарқын карантинге дейінгі деңгейге көтерілді.
  • Соңғы 5-6 жыл серпінінде банктердің жалпы ипотекалық портфелі 2,8 есе өсті, ₸900 млрд ₸2,5 трлн теңгеге дейін — «7-20-25» және «Баспана Хит» жеңілдікті мемлекеттік бағдарламаларымен, Отбасы Банктің қолжетімді несие беру бағдарламаларымен, сондай-ақ халықтың әртүрлі топтары үшін несие берудің әлеуметтік бағдарламаларымен ынталандырылатын халық тарапынан өсіп келе жатқан сұраныс аясында.
  • Ағымдағы жылғы қаңтар–мамырда ипотеканы беру көлемінің өсіп келе жатқанына қарамастан (5ай2020 жылы ₸592 млрд ₸216,3 млрд теңгеге қарсы және 5ай2019 жылы  ₸270 млрд), ипотекалық портфельдің өсу қарқыны зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алып қою шеңберінде жүзеге асырылатын қомақты өтеу көлемі (₸483 млрд) есебінен төмендетіледі.
  • Өткен жылы пандемия жағдайында ипотека нарығы өскенін ескере отырып, ағымдағы несиелер беру қарқынының баяулауы тек локдаун кезеңінде(наурыздан мамырға дейін) байқалды, бірақ маусымнан бастап қарқын карантинге дейінгі деңгейге көтерілді.
  • Соңғы 5-6 жыл серпінінде банктердің жалпы ипотекалық портфелі 2,8 есе өсті, ₸900 млрд ₸2,5 трлн теңгеге дейін — «7-20-25» және «Баспана Хит» жеңілдікті мемлекеттік бағдарламаларымен, Отбасы Банктің қолжетімді несие беру бағдарламаларымен, сондай-ақ халықтың әртүрлі топтары үшін несие берудің әлеуметтік бағдарламаларымен ынталандырылатын халық тарапынан өсіп келе жатқан сұраныс аясында.

Резюме

Еліміздің өңірлері ипотека портфелінде біркелкі бөлінбейді, бұл ірі қалалар — Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында нарықтың 52% - ның жоғары шоғырлануын көрсетеді. Ипотека нарығының төрттен бір бөлігі Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласына тиесілі; портфельде облыстардың үлесіне 4%-дан 6% -ға дейін келеді. Аталған өңірлер мен қалаларда ипотекалық несиелеудің өсу қарқыны 2020 жылы 23% - дан 48% - ға дейін жетті.

Тұрғын үй сатып алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың әрекетіне байланысты халық тарапынан жоғары сұраныс және Отбасы банкі тарапынан несиелеудің кеңеюі тұрғын үй нарығын айтарлықтай жандандырды. Жылжымайтын мүліктің құны пандемияға және елдегі іскерлік белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, 2020 жылы бастапқы нарықта — 5% -ға, қайталама нарықта-14% -ға өсті. Ағымдағы жылы зейнетақы қаражатын алу аясында тұрғын үй жылжымайтын мүлік бағасының өсуі жалғасуда. БЖЗҚ деректері бойынша 2021 жылғы маусым айының соңында жылжымайтын мүлік сатып алуға және ипотекалық қарыздарды өтеуге 1,5 трлн теңгеден астам қаржы аударылған. Бір жолғы төлемдердің орташа сомасы 4,6 млн теңгені құрады, бұл ретте төлемдердің ең көп саны Қазақстанның батысында — Маңғыстау және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалды.

Бұл шаралар бағаның өсуіне әсер еткені сөзсіз: қаңтардан мамырға дейін бастапқы тұрғын үй бағасы 9% - ға, қайталама тұрғын үй бағасы 16% - ға өсті. Қайталама тұрғын үй нарығындағы бағаның неғұрлым жоғары өсуі бастапқы және қайталама тұрғын үй арасындағы баға айырмашылығына байланысты, ол қазіргі уақытта бастапқы тұрғын үй пайдасына 25-27% -ды құрайды (2019 жылы тұрғын үй арасындағы баға айырмасы 46%-ды құрады). Сондай-ақ елдегі инфляциялық процестердің, әсіресе тұрғын үйдің бастапқы нарығындағы әсері туралы еске салған жөн, соның нәтижесінде құрылыс компанияларының баға саясаты құрылыс материалдары мен компаниялардың қызметтеріне бағаның өсуімен өзгереді.

Зейнетақы қаражаты ағынының әсері төмендеген сайын нарықтағы белсенділік пен бағаның өсу қарқыны табиғи түрде баяулайды және нарықтық факторлардың — сұраныс пен ұсыныс арақатынасының әсерінен біртіндеп теңестіріледі. Алайда, әлемдік азық-түлік бағаларының өсуіне негізделген сыртқы инфляциялық қысым факторын және құрылыс материалдары импортының жоғары үлесін ескере отырып, бастапқы тұрғын үй құнының төмендеу ықтималдығы екіталай болып көрінеді.

Реттеушінің деректері бойынша «7-20-25» және «Баспана Хит» жеңілдетілген несие беру бағдарламаларының аяқталуы ипотекалық несие берудің қолжетімділігіне әсер етпейді. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап банктердің көпшілігі бағдарлама бойынша лимиттің таусылуы аясында «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды тоқтатты. Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның 600 млрд теңгелік лимиті 2021 жылдың соңына дейін игеріледі. Ипотекалық несиелеудің сұранысы мен қарқынының өсуін ескере отырып, «7-20-25» бағдарламасы бөлінген 1 трлн теңге лимитін игергеннен кейін 2022 жылдың соңына дейін аяқталатын болады.

Мемлекеттің несие беру бағдарламаларынан біртіндеп шығуы нарықтық қағидаттарға жол ашады; бұдан басқа, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тұрғын үй саясатын Отбасы банкі де іске асыратын болады.

Соңғы екі жыл ішінде тұрғын үй нарығында байқалған несиелендірудің жоғары қарқыны болашақта қосымша тәуекелдер тудыруы мүмкін. Осыған байланысты мемлекеттік бағдарламаларды біртіндеп қысқарту жағдайды теңдестіруге тиіс. Ипотека нарығы ол үшін табиғи өсу қарқынымен өсуді жалғастырады, мұнда халық тарапынан сұраныс нарықтың өсу факторы болып қала береді.

Шолуын PDF-нұсқасы

ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды. ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі

 

Соңғы жаңалықтар
26.02.2026
Сауда профициті ЖІӨ-нің 4,6%-ына дейін төмендеді: ағымдағы шотқа түсетін қысым күшейіп келеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарыңызға Қазақстанның 2025 жылғы тауар айналымы бойынша шолуды ұсынады.
18.02.2026
Өңірлер бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің ену деңгейі теңесіп келеді
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылға арналған банк карталары арқылы жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялар статистикасына шолуын ұсынады.
12.02.2026
Бюджет мұнай тәуелділігінен біртіндеп арылып келеді, бірақ борыштық жүктеменің артуына тап болуда
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға Қазақстан Республикасының 2025 жылғы бюджет теңгеріміне қатысты шолуды ұсынады.
12.02.2026
Аннуитеттік және жинақтаушы сақтандыру өнімдері ӨСК сегментіндегі сақтандыру сыйақыларының жартысынан астамын қалыптастырады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылғы Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына жасалған шолуды ұсынады.
11.02.2026
Бір жылдан кейінгі күтілетін инфляцияның орташа бағалауы бұған дейінгі 11,4%-дан 11,6-ға дейін өсті
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы нарықтың кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылғы ақпанда кейбір индикаторларға қатысты жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.
05.02.2026
Банктер қымбат қаржы ресурстарына, салықтық жүктеменің артуына және реттеуші шектеулерге бейімделіп жатыр
ҚҚҚ Талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы банк секторына шолуын ұсынады.