15.06.2026
1601 cапарлар
Айдос Мұхамеджанов Bank RBK басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды

11 маусымда «Bank RBK» АҚ-ның Директорлар кеңесі 12 маусымнан бастап Айдос Мұхамеджановты басқарма төрағасының орынбасары – банк басқармасының мүшесі лауазымына сайлау туралы шешім қабылдады. Бұған дейін Айдос Мұхамеджановты басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі лауазымына тағайындауға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі келісім берген болатын. Осы уақытқа дейін А. Мұхамеджанов банктің басқарушы директоры лауазымын атқарды.

Басқарма төрағасының орынбасары ретінде ол IT-блоктың, ШОБ және бөлшек сауда секторының стратегиялық және кредиттік тәуекелдер бөлімшелерінің, сондай-ақ кредиттік әкімшілердің қызметіне жетекшілік ететін болады.
Банк басшылығы А. Мұхамеджановтың көшбасшылық қасиеттері мен бай кәсіби тәжірибесі оған жаңа лауазымда жетекшілік ететін бөлімшелер қызметінің тиімділігін арттыруға және жалпы банктің даму стратегиясын іске асыруда үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімді.

«Айдос Мұхамеджановтың басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалуы - кәсіби сараптамасы ауқымды міндеттерді шешу үшін жауапкершіліктің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берген Bank RBK командасы мүшесінің мансаптық өсуінің заңды кезеңі. Оған елдің қаржы нарығындағы банктің позициясын нығайтуға бағытталған жұмыста шын жүректен табыс тілейміз», - деп, банк басқармасының төрайымы Наталья Акентьева өз пікірін айта кетті.

А. Мұхамеджанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Кейін Еуразиялық нарық институтында «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша оқуын жалғастырып, MBA University of Strathlyde дәрежесін алды. Еліміздің түрлі қаржы институттарында 20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.

****
* ҚНРДА-мен берілген 2021 ж. 05 сәуірдегі № 1.2.100/245/41 лицензия.

БАҚ үшін байланыстар:
«Bank RBK» АҚ баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518, 1548
pr@bankrbk.kz

Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
Экспорттың озыңқы өсуі аясында Қазақстанның сырты саудасы қалпына келді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 7 айындағы Қазақстанның тауар айналымы бойынша шолуын назарларыңызға ұсынады.
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.