03.07.2026
2475 cапарлар
Әнуар Қуандықов Alatau City Bank жаңа басшысы болып тағайындалды

Alatau City Bank басқарма төрайымы Гүлмира Джумадиллаеваның 2024 жылғы сәуірден бастап атқарған қызметінен өз еркімен кетуге шешім қабылдағанын хабарлайды. Бұл ретте Гүлмира Джумадиллаева 2024 жылғы қыркүйекте құрамына кірген Банктің Директорлар кеңесінде жұмысын жалғастырады.

«Alatau City Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов Гүлмира Джумадиллаеваның Банк басшысы ретіндегі жұмыс нәтижелерін атап өтті: «Гүлмира Жәнібекқызы Банктің дамуына елеулі үлес қосты. Оның кәсібилігінің, басқару тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Банк қызметінің тиімділігін арттыруға, цифрлық сервистерді дамытуға және өнімдер желісін жетілдіруге бағытталған міндеттер табысты түрде іске асырылды. Оның басшылығымен Банк стратегияны жаңартты, қаржы институты дамуының жаңа кезеңінің басталуын көрсететін ребрендингті жүзеге асырды, сондай-ақ цифрлық активтер нарығына шықты. Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде ол Банкті стратегиялық басқаруға белсенді қатысуды және оның орнықты дамуына үлес қосуды жалғастырады».

1 шілдеден бастап Директорлар кеңесінің шешімімен Банктің басқарушы директоры қызметін атқарған, талдамалық бағытты дамытуға жауапты Әнуар Қуандықов жаңа Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Әнуар Қуандықовтың ауқымды кәсіби тәжірибесі, қаржы саласына жүргізген терең сараптамасы және басқару құзыреті Банктің одан әрі дамуына, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және нарықтық ұстанымын нығайтуға септігін тигізетініне Директорлар кеңесі сенімді. Банктің жаңа басшысына осы маңызды міндеттерді іске асыруда табыс тілейміз», − деп атап өтті Директорлар кеңесінің басшысы. 

Ә. Қуандықовтың қаржы секторында 18 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде 2008 жылы бастады, онда қарапайым маманнан Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің директорына дейінгі еңбек жолынан өтті. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылғы қазаннан бастап «Оптима Банк» ААҚ (Қырғызстан) Директорлар кеңесін басқарады.

Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
Экспорттың озыңқы өсуі аясында Қазақстанның сырты саудасы қалпына келді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 7 айындағы Қазақстанның тауар айналымы бойынша шолуын назарларыңызға ұсынады.
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.