08.09.2026
87 cапарлар
Чэнь Сяо басқарма төрағасының бірінші орынбасары – Altyn Bank басқарма мүшесі болып тағайындалды.

«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 2 қыркүйегіндегі шешіміне сәйкес Чэнь Сяо мырза Altyn Bank Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – Басқарма мүшесі болып тағайындалды. 4 қыркүйектен бастап ол қызметіне кірісті.

Чэнь Сяо мырза Банктің негізгі акционері – China CITIC Bank Corporation Limited өкілі болып табылады.

Бұған дейін Чэнь Сяо мырза Altyn Bank Корпоративтік бизнес блогының Басқарушы директоры қызметін атқарды. Жаңа қызметінде ол Банктің корпоративтік бизнесін дамытуға және ірі компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуға жетекшілік етеді.

«Корпоративтік бизнес – Altyn Bank дамуының негізгі бағыттарының бірі. Чэнь Сяо мырзаның тәжірибесі, банк бизнесін терең түсінуі және China CITIC Bank-тің халықаралық тәжірибесін білуі осы бағыттың одан әрі дамуына ықпал етеді. Біздің басымдықтарымыздың қатарында корпоративтік клиенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейту, жаңа қаржылық шешімдерді енгізу және Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту бар», – деп атап өтті Басқарма Төрағасы Мұрат Байсынов.

Чэнь Сяо мырза Нанкин университетін «Информатика және технологиялар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қытайдың қаржы секторында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын China CITIC Bank Corporation Limited бас кеңсесінде бастаған. Әр жылдары CITIC тобының құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған, соның ішінде CNCB (Hong Kong) Capital Limited Бас директорының орынбасары, сондай-ақ CNCB (Beijing) Equity Investment Fund Management Co., Ltd. Бас директоры қызметтерін атқарған.

CITIC Group – Қытайдың ірі трансұлттық конгломераты, 1979 жылы Дэн Сяопиннің бастамасымен құрылған. Компания реформалар мен ашықтық саясатын іске асыруда маңызды рөл атқарып, шетелдік капиталды тартуға, сондай-ақ заманауи технологиялар мен басқару тәжірибелерін енгізуге ықпал етті. CITIC құрамына банктерді қоса алғанда 44 еншілес компания кіреді, компания бірқатар елдерде қызметін жүзеге асырады және Токио, Нью-Йорк пен Қазақстанда өкілдіктері бар. Негізгі қызмет бағыттары – қаржы, инвестициялар және қызметтер.

«Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) – корпоративтік және жекелеген клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің толық спектрі бар әмбебап коммерциялық банк. Банк жеке тұлғаларға Altyn-i цифрлық банкингі арқылы қызмет көрсетеді. Ал активтер мөлшері бойынша 13-орында. Сонымен қатар қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – "BBB+", Moody's – "Ваа3"). Оның: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау, Астанадағы халықаралық қаржылық орталығымен қоса алғанда алты филиалы бар.

ҚР ҚНРДА 15.07.2026 ж. № 1.1.949.136, 23.10.2024 ж. № 3.3.254/46 лицензиялары.

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.