14.04.2026
2008 cапарлар
Fitch агенттігі Bereke Bank болжамын «Оң» деңгейге көтерді

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Bereke Bank эмитентінің ұзақмерзімді дефолт рейтингтері бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Оң» деңгейге көтерді және рейтингті «B+» деңгейінде растады. 

Сондай-ақ банктің ұлттық ұзақмерзімді рейтингісі «BBB-(kz)»-дан «BBB(kz)»-ға дейін көтеріліп, болжам «Оң» болып өзгертілді. Тұрақтылық рейтингісі (Viability Rating) «b+» деңгейінде расталды.

Оң болжам Bereke Bank-тің бизнес-үлгісінің алдағы уақытта одан әрі нығая түсетініне деген сенімді білдіреді, бұл ретте банктің табыстылығының артуы, капиталдық тұрақтылығының күшеюі және мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділігінің біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Bereke Bank-тің 14 сәуірде Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есебінің деректеріне сәйкес банк сенімді өсім көрсетті: пайдасы шамамен 4 есе артты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша банктің таза пайдасы 63,1 млрд теңгені құрады (бір жыл бұрынғы 16,2 млрд теңгемен салыстырғанда, +46,9 млрд теңге), капиталы 238,0 млрд теңгеге дейін артты (2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, +55,4 млрд теңге).

Банк активтері 2,8 трлн теңгеге дейін артты (2024 жылмен салстырғанда, +343 млрд теңге), бұл банк бизнесінің дамығанын және нарықтағы позицияларының нығая түскенін көрсетеді.

Fitch Ratings берген бағаға сай Bereke Bank табыс көрсеткішін айтарлықтай жақсартқан операциялық пайда тәуекелмен өлшенген активтерге шаққанда 5,1%-ға жетті, пайыздық маржа 7,3%-ға дейін көбейді.

Алдағы кезеңде де табыс деңгейі тұрақты сақталады деп күтіледі. Банктің капитал деңгейі нығая түсуде негізгі капиталдың коэффициенті (Fitch Core Capital) 13,2%-ға жетті, капиталдың активтерге қатынасы 8,5%-ға дейін артты. Bereke Bank депозиттік базасын біртіндеп нығайтып келеді. Өтімділіктің жоғары деңгейі мен қаржыландыру құрылымының теңгерімділігі банктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Bereke Bank атап өткендей, Fitch Ratings агенттігінің оң болжамы тек қаржылық көрсеткіштердің жақсарғанын ғана емес, сонымен қатар даму үлгісіндегі өзгерістерді де көрсетеді. Соңғы жылдары банк бизнестің тұрақтылығын жүйелі түрде күшейтіп, қаржыландыру көздерін әртараптандырып, операциялық тиімділігін арттырды. Бұл өзгерістердің негізінде басты қағидат жатыр — әрбір клиентке ерекше көңіл бөлу. Банк өз қызметін клиенттердің қажеттіліктері төңірегінде құрып, әрбір өнім мен қызметте сенімділік, ашықтық және ұзақ мерзімді құндылық ұсынуға ұмтылады.

Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
Экспорттың озыңқы өсуі аясында Қазақстанның сырты саудасы қалпына келді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 7 айындағы Қазақстанның тауар айналымы бойынша шолуын назарларыңызға ұсынады.
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.