07.04.2026
499 cапарлар
Гаухар Бөрібаева "Халық-Life" АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды

«Халык-Life» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қоғамның Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Бурибаева Гаухар Асылбековна тағайындалды.

Гаухар Бурибаева 1983 жылы туылған, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ 2015 жылы (Ұлыбритания) The London College UCK оқу орнында бизнес-менеджмент саласы бойынша магистр дәрежесін алған. 2021 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (Мәскеу қ.) тәмамдап, «Цифрлық банкинг және қаржы» бағдарламасы бойынша МВА дәрежесін иеленді.

Гаухар Бурибаеваның қаржы және мемлекеттік саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. 2019–2025 жылдар аралығында Бизнес пен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарған. 2013–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымында қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президент қызметін атқарды. 2025 жылдың ақпаны мен желтоқсан аралығында - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің кеңесшісі (экономикалық блок), Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппараты.

Гаухар Асылбековна Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Альянс Банк» АҚ, «Ұлттық көлік логистикасын дамыту орталығы» АҚ (қазіргі «KTЖ Express» АҚ), сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалында басшылық қызметтер атқарған.

Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.
31.08.2026
Ипотека тұтынушылық қарыздардың бәсеңдеуі аясында бөлшек несиелеу өсімінің жартысына жуығын қамтамасыз етті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтағы ЕДБ бөлшек несиелер нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
21.08.2026
Бюджет кірістері шығыстардан жылдамырақ өсіп келеді, алайда борышқа қызмет көрсету қымбаттап барады
ҚҚҚ талдау орталығы ҚР 2026 жылғы І жартыжылдықтағы бюджет балансына шолуды назарларыңызға ұсынады.