14.04.2026
513 cапарлар
Moody’s Bank RBK-ның ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін Ba2 деңгейінде растады, болжам — «тұрақты»

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі ұлттық және шетел валютасындағы «Bank RBK» АҚ депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингтерін Ba2 деңгейінде, ал контрагенттің тәуекелін ұзақ мерзімді бағалауды (CounterParty Risk Assessment, CR Assessment) Ba1 (cr) деңгейінде растады.

Сонымен қатар базалық кредиттік баға (Baseline Credit Assessment, BCA) және түзетілген BCA - ba3 деңгейінде расталды. Банк депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингтері туралы болжам тұрақты болып қалды. Рейтинг агенттіктің дерегінше, Bank RBK-ның ba3 базалық кредиттік бағалауын растауы тәуекелдерді қабылдаудағы консервативті көзқарасын, өтімді қорын және қолайлы кірістілігін көрсетеді.

Moody’s агенттігі банк стратегиясының төмен тәуекелді модельге негізделгенін, яғни ірі корпоративтік клиенттер мен бөлшек сегментті несиелеуді, сонымен қатар қамтамасыз етілген бөлшек несиелеудің үлесін арттыруды көздейтінін атап өтеді. Сонымен бірге қамтамасыз етілмеген бөлшек несиелердің едәуір бөлігі жалақысын Bank RBK шоттары арұылы алатын клиенттерге беріледі. Moody's сарапшыларының айтуынша, Bank RBK-ның табыстылығы қолайлы деңгейде қалып отыр. Мысалы, кейінгі төрт жылда орташа өлшемді активтердің табыстылығы 2%-дан асты. Ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтер туралы тұрақты болжам агенттіктің алдағы 12-18 айда банкте кредиттік көрсеткіштерде елеулі өзгерістер болмайды деген пікірін көрсетеді.

Сонымен қатар баспасөз хабарламасында Bank RBK қызметінің әртараптандырылуы активтер сапасын, өтімділікті және табыстылықты қазіргі жоғары деңгейге жақын сақтауы, сондай-ақ капиталдандыру деңгейін арттыруы болашақта банк рейтингтерінің өсуіне оң әсер етуі мүмкін екені айтылған.

Moody's-тің тұрақты болжамы бар Ba2 деңгейіндегі рейтингті растауы – біздің жұмысымызға берілген маңызды әрі тәуелсіз баға. Біз активтердің сапасына, капиталдың өтімділігі мен жеткіліктілігіне басым назар аудара отырып, тәуекелдерді консервативті басқару стратегиясын дәйекті түрде іске асырып келеміз. Алдағы уақытта біз тұрақты бөлшек және корпоративтік бизнесті дамытуға, операцияларды әртараптандыруға және қаржы көрсеткіштерін нығайтуға назар аударуды жалғастырамыз. Бұл шешім әрі қарай да өсу және рейтингтік бағалауды арттыру үшін берік негіз қалайды», – деп Moody's шешіміне түсініктеме берді Bank RBK-ның басқарма төрайымы Наталья Акентьева.

ҚНРДА берген 2021.04.05. № 1.2.100/245/41 лицензия

БАҚ үшін байланыстар:

«Bank RBK» АҚ баспасөз қызметі

Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518, 1548

pr@bankrbk.kz

Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
Экспорттың озыңқы өсуі аясында Қазақстанның сырты саудасы қалпына келді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 7 айындағы Қазақстанның тауар айналымы бойынша шолуын назарларыңызға ұсынады.
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.