24.07.2026
359 cапарлар
Moody's ForteBank-тің кредиттік рейтингін тұрақты болжаммен Ba1 деңгейіне дейін көтерді

Moody's Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ForteBank-тің ұлттық және шетел валюталарындағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін Ba2 деңгейінен Ba1 деңгейіне көтерді. Сонымен қатар агенттік банктің кредит қабілеттілігінің базалық бағасын (BCA) ba3 деңгейінен ba2 деңгейіне дейін жақсартып, рейтинг бойынша «Тұрақты» болжамын растады.

Moody's агенттігінің бұл шешімі ForteBank-тің қаржылық тұрақтылығының нығайғанын және Home Credit Bank-ті сатып алу секілді стратегиялық маңызды мәмілені жүзеге асыра отырып, кредиттік көрсеткіштерін жоғары деңгейде сақтай алатынын айғақтайды.

Сондай-ақ, Moody's өз есебінде ForteBank-тің Home Credit Bank-ті сатып алғаннан кейінгі интеграциялау процесіне қатысты тәуекелдерді тиімді басқарып отырғанын атап өтті. Агенттік Банктің бөлшек бизнес бағытының кеңеюі мен клиенттік базасының өсуі есебінен бизнесінің әртараптандырылуына оң баға берді.

Moody's агенттігі ForteBank-тің өтімділік пен қорландыру бойынша тұрақты әрі сенімді позицияларын растады. 2026 жылғы бірінші тоқсанның соңында клиенттік депозиттер Банк міндеттемелерінің 75%-ін құрады. Сонымен қатар ақша қаражаты мен жоғары өтімді активтердің үлесі жиынтық активтердің шамамен 30%-іне жетті. Бұл Банктің қаржылық тұрақтылығының жеткілікті қорын қамтамасыз етіп, бизнестің одан әрі өсуіне мүмкіндік береді.

ForteBank үшін соңғы жылдар сапалы өсім кезеңі болды. Банк нарықтағы позициясын нығайтып, капиталын арттырды және бизнес ауқымын кеңейтті. Осылайша, Қазақстандағы жетекші банктер арасында рөлін күшейтіп, елдің жүйе құраушы банктерінің бірі ретінде одан әрі дамуына негіз болды. Moody's рейтингінің көтерілуі осы оң даму қарқынының халықаралық деңгейде мойындалғанын тағы бір мәрте көрсетті.

Тимур Исатаев, ForteBank Директорлар кеңесінің төрағасы: «Moody's рейтингінің көтерілуі біз үшін ForteBank-тің ұзақ мерзімді стратегиясының тиімділігін және оның тәуелсіз деңгейде жоғары бағаланып отырғанын көрсетеді. Соңғы жылдары Банк нарықтағы позициясын едәуір нығайтып, еліміздің банк секторындағы ең ірі мәмілелердің бірін сәтті жүзеге асырды әрі жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтап қалды. Біз үшін бұл – қол жеткізілген нәтижелердің мойындалуы және таңдалған даму бағытының тиімділігінің тағы бір дәлелі. Бұл бағыт Банктің одан әрі өсуіне берік негіз қалыптастырып, клиенттердің, серіктестер мен инвесторлардың сенімін одан әрі нығайта түседі».

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі №1.1.965.133 лицензиясы «ForteBank» АҚ-ға берілген..

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.