10.09.2026
73 cапарлар
Moody’s Ratings Freedom ӨСК-ге Baa3 инвестициялық деңгей рейтингін берді

Moody's Ratings Freedom Life ӨСК-ға ұлттық валютада (LC) және шетел валютасында (FC) сақтандырушының қаржылық тұрақтылық рейтингін (IFSR) Baa3 деңгейінде берді. Рейтингтер бойынша болжам — тұрақты.

Baa3 рейтингі S&P және Fitch шкалалары бойынша BBB- деңгейіне сәйкес келеді және инвестициялық деңгей санатына жатады. Бұл Freedom ӨСК-нің S&P Global Ratings агенттігі берген қолданыстағы BB+ рейтингінен жоғары. Осылайша, Freedom ӨСК алғаш рет инвестициялық деңгей рейтингін алды. Бұл агенттіктің компанияның қаржылық тұрақтылығын және дефолт тәуекелінің төмендігін мойындағанын көрсетеді. Moody's рейтингтік бағалаудың негізгі факторларының бірі ретінде Freedom ӨСК-нің Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығындағы берік позициясын атап өтті. 

Moody's Freedom ӨСК активтерінің сапасы мен консервативті инвестициялық стратегиясын да оң бағалайды. 2025 жылдың соңында компанияның инвестицияланған активтерінің шамамен 90%-ы тұрақты кірісті бағалы қағаздарға тиесілі болды. Инвестициялық портфель негізінен Қазақстанның мемлекеттік, квазимемлекеттік және мемлекетпен байланысты эмитенттерінің бағалы қағаздарынан тұрады. Агенттіктің бағалауынша, бұл тәуекелі жоғары активтердің үлесін төмендетіп, пайданың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Moody's Freedom ӨСК-нің негізгі артықшылықтарының бірі ретінде капитал жеткіліктілігінің жоғары деңгейін атап өтті. Меншікті капиталдың жиынтық активтерге қатынасы 2024 жылғы 24%-дан 2025 жылы 30%-ға дейін өсті. Төлем қабілеттілігінің нормативтік коэффициенті 2025 жылдың соңында шамамен 430%-ды құрады және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өсуін жалғастырды. Бұл компанияға нарықтық және сақтандыру тәуекелдері туындаған жағдайда елеулі қаржылық тұрақтылық қорын қамтамасыз етеді.

Moody's агенттігінің тұрақты болжамы алдағы 12–18 айда Freedom ӨСК нарықтағы берік позициясын және тұрақты қаржылық көрсеткіштерін сақтайды деген күтуді білдіреді. Агенттік сондай-ақ капитал жеткіліктілігінің жоғары деңгейі, консервативті инвестициялық саясат, жоғары өтімділік пен тұрақты табыстылық сақталады деп күтеді.

Ұзақ мерзімді факторлардың қатарында Moody's компания бизнесінің құрылымындағы зейнетақы аннуитеттері үлесінің артуын және осыған байланысты активтер мен міндеттемелерді басқару тәуекелдерін қарастырады. Сонымен қатар агенттік аталған тәуекелдерді төмендететін факторларды, соның ішінде міндеттемелердің қазіргі құрылымын және инвестициялық портфельдің кірістілігі мен сақтандыру шарттары бойынша кепілдендірілген мөлшерлемелер арасындағы елеулі айырмашылықты атап өтеді.

Азамат Ердесов, «Freedom Life» ӨСК АҚ басқарматөрағасы: «Baa3 инвестициялық деңгей рейтингін алу Freedom ӨСК бизнесінің жүйелі өсуінің, капиталдың нығаюының,  тұрақты табыстылықтың және инвестициялық портфельдіқ алыптасты рудағы консервативті тәсілдің нәтижесі болды. Біз компанияны бизнес көлемін ұлғайту арқылы ғана емес, өнімдер желісін кеңейту, сақтандыру сервистерін цифрландыру және Freedom экожүйесіне интеграциялану арқылы да дамытып келеміз. Біз үшін келесі кезең—қаржылық тұрақтылықты одан әрі нығайту, ұзақ мерзімді сақтандыру және жинақтау өнімдерін дамыту, сондай-ақ қазақстандықтар үшін өмірді сақтандырудың қолжетімділігін арттыру».

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.