07.04.2026
1071 cапарлар
Altyn Bank-ке жаңа Басқарма мүшесі сайланды

Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 31 наурызындағы шешіміне сәйкес, «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі лауазымына негізгі акционер China CITIC Bank Corporation Limited өкілі Юй Юшэн мырза тағайындалды. Сәуірдің 6 бастап ол қызметіне кірісті.

Бұған дейін Юй Юшэн мырза Altyn Bank-те қаржы директоры қызметін атқарған. Жаңа қызметінде ол қаржылық блокты үйлестіретін болады.

«Менің жаңа орынбасарым – банк саласында мол тәжірибесі бар, жоғары білікті жетекші. Оның тағайындалуы Altyn Bank-тің Қазақстандағы ең сенімді әрі қарқынды дамып келе жатқан банктердің бірі ретіндегі позициясын одан әрі нығайтады деп сенемін», – деді Басқарма Төрағасы Мұрат Байсынов.

Юй Юшэн мырза Солтүстік-батыс политехникалық университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Чжуншань университетінде «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2011 жылы China CITIC Bank-тің Бухгалтерлік есеп департаментінің маманы ретінде бастаған. Қазақстандағы еншілес банкке ауысқанға дейін Қытай Халық Республикасының Гауде, Гуанчжоу қаласындағы China CITIC Bank филиалын басқарған.

Юй Юшэн мырза Қытай банктер қауымдастығының басқару мәселелері бойынша үздік лекторларының ондығына кіреді.  

CITIC Group – Қытайдың ірі трансұлттық конгломераты, 1979 жылы Дэн Сяопиннің бастамасымен құрылған. Компания реформалар мен ашықтық саясатын іске асыруда маңызды рөл атқарып, шетелдік капиталды тартуға, сондай-ақ заманауи технологиялар мен басқару тәжірибелерін енгізуге ықпал етті. CITIC құрамына банктерді қоса алғанда 44 еншілес компания кіреді, компания бірқатар елдерде қызметін жүзеге асырады және Токио, Нью-Йорк пен Қазақстанда өкілдіктері бар. Негізгі қызмет бағыттары – қаржы, инвестициялар және қызметтер. 

"Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) – корпоративтік және жекелеген клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің толық спектрі бар әмбебап коммерциялық банк. Банк жеке тұлғаларға Altyn-i цифрлық банкингі арқылы қызмет көрсетеді. Ал активтер мөлшері бойынша 11-орында. Сонымен қатар қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – "BBB", Moody ' s – "Ваа3"). Оның: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау, Астанадағы халықаралық қаржылық орталығымен қоса алғанда алты филиалы бар.

ҚР АРРФР лицензиясы № 1.1.114, № 3.3.254/46 23.10.2024 ж. 

 

 

Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
Экспорттың озыңқы өсуі аясында Қазақстанның сырты саудасы қалпына келді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 7 айындағы Қазақстанның тауар айналымы бойынша шолуын назарларыңызға ұсынады.
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.