10.11.2025
376 cапарлар
Экономикадағы мөлшерлемелердің өсуіне қарамастан, несиелер құнының өсуі депозиттердің қымбаттауымен қалыпты деңгейде қалды

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы 9 айдағы Қазақстанның банк секторына шолу ұсынады.

Кезеңнің негізгі үрдістері

  • Қаржылық жағдайдың, резервтік нормативтердің және макропруденциалдық саясаттың қатаюы, сондай-ақ теңге бағамының құбылмалылығы мен алдағы салықтық жүктеменің өсуі жаңа несиелердің берілу қарқынын бәсеңдетті.
  • 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында бөлшек сегменттегі жаңа несиелердің өсімі 12,8% құрап, 2024 жылдың осындай кезеңіндегі 23,3%-бен салыстырғанда екі есеге жуық төмендеді; корпоративтік сегментте өсім 21,2%-дан 16,1%-ға дейін баяуды.
  • Сонымен қатар, несие портфельдері (қалдықтар) бизнес тарапында жедел өсу көрсетіп отыр (қазір +12,1%, бұрын 7,4%) және халық арасында шамалы баяулау байқалады (16,6%-дан 16,2%-ға дейін), бұл, негізінен, өтімділіктің аз тәуекелді қарыз алушылар мен ірі және орта бизнес, ипотекалық және автонесиелеу сегменттеріндегі қамтамасыз етілген ұзақ мерзімді қарыздарға қайта бөлінуімен байланысты.
  • Бұл ретте жоғары мөлшерлемелер, реттеуші талаптардың күшеюі және проблемалық берешекті сатуға тыйым салынған жағдайда портфель сапасын жоғары деңгейде (NPL – 3,5%) ұстап тұруға мүмкіндік береді.
  • Жүйедегі мөлшерлемелердің айтарлықтай өсуіне қарамастан, пайыздық маржа мен спрэді іс жүзінде өзгеріссіз қалды (тиісінше 6,93% және 4,89%), себебі активтердің кірістілігінің өсуі (+64 б.т.) шамамен тең көлемде қорландыру құнының өсуімен (+61 б.т.) қатар жүрді. Басқаша айтқанда, несие мөлшерлемелерінің өсуі депозиттер мен облигациялық қарыздардың қымбаттауымен теңестірілді.
  • Базалық мөлшерлеменің одан әрі 18%-ға дейін көтерілуі, резервтеу нормативтерінің қатаюы және депозиттер үшін бәсекенің артуы сөзсіз қорландыру құнының өсуіне, тиісінше пайыздық маржа мен спрэдің қысқаруына алып келеді. Бұл банктердің табыстылығына қысым жасап, капиталды ұлғайту мүмкіндігін шектеп, екі таңбалы несие өсімін ұстап тұруға итермелейді.
  • Таза табыс пен капитализацияның өсім қарқыны өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі есе баяулады (төменде көрсетілгендей), бұл шығындардың артуы мен пайыздық операциялар табыстылығының өзгеріссіз қалуын көрсетеді.
  • Салықтық жүктеменің өсуі банктердің табыстылығына қосымша қысым жасап, саланың аз табысты өсу кезеңіне өтуіне және оның инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне әкеледі.
  • Есепті кезеңде КТС бойынша төлемдер 48,1%-ға өсіп, ₸302,4 млрд-тан ₸447,8 млрд-қа жетті, бұл республикалық бюджетке түскен барлық КТС түсімдерінің 15,3%-ын құрайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша КТС төлемдерінің жалпы көлемі рекордтық ₸600 млрд деңгейіне жетуі мүмкін.

Резюме

ЕДБ-дің жаңа несиелер беру қарқыны (22,2%-дан 14,5%-ға дейін) және активтер өсімі (13,0%-дан 8,9%-ға дейін) нарықтық және реттеуші факторлардың жиынтық әсерінен баяулап келеді. Сонымен қатар, несие нарығының құрылымы ұзақмерзімді және ауқымды капиталсыйымды сегменттерге қарай өзгеруде, бұл жоғары базалық мөлшерлеменің, пруденциалдық реттеу мен резервтеу нормативтерінің қатаюының, салықтық жүктеменің артуы мен бағамдық ауытқулардың салдары болып табылады.

Жүйедегі жалпы мөлшерлемелердің өсуіне қарамастан, пайыздық маржа мен спрэд тұрақты деңгейде сақталып отыр (тиісінше 6,93% және 4,89%), себебі активтердің кірістілігі мен пассивтердің құны ұқсас қарқынмен өсуде. Бұл банктердің теңгерімді пайыздық саясатын көрсетеді, алайда сектордың табыс өсімін және капитализациясын арттыру әлеуетін шектейді.

Алдағы айларда банктер үшін қосымша сын-тегеурін ақша-кредит, реттеуші және фискалдық жағдайлардың қатаюына бейімделу болмақ. Бұл тәуекелдерді қайта бағалауды, өнімдік стратегияларды қайта қарауды және операциялық икемділікті арттыруды талап етуі мүмкін.

Мұндай жағдайларда басымдық активтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ қорландыру көздерін әртараптандыруға қарай жылжуы мүмкін. Бұл банк секторында жаңа даму парадигмасын айқындайды, оның басты бағыты несие портфелін екі таңбалы қарқынмен ұлғайтудан тұрақты табыстылық пен орнықтылықты қамтамасыз етуге ауысуда. Мұндай трансформация қаржылық тұрақтылықты тәуекелдер мен капиталды тиімді басқару арқылы нығайтуды, операциялық тиімділікті бизнес-модельдерді өзгермелі нарықтық және реттеуші жағдайларға бейімдеу арқылы арттыруды, сондай-ақ регуляторлық талаптар мен пруденциалдық нормативтерді қатаң сақтауды көздейді.


Шолуын PDF-нұсқасы

ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды. ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
11.11.2025
Сарапшылар ақша-несие саясатының өзгеруін кідіртуді күтуде: инфляциялық күтулер төмендейді, бағам нығайды, нақты мөлшерлеме жақсарады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы қарашадағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
10.11.2025
Экономикадағы мөлшерлемелердің өсуіне қарамастан, несиелер құнының өсуі депозиттердің қымбаттауымен қалыпты деңгейде қалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы 9 айдағы Қазақстанның банк секторына шолу ұсынады.
07.11.2025
Импорт құрылымы машина жасау өнімдері мен азық-түлік тауарларына ауысады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы қаңтар-тамыздағы тауар айналымына шолу ұсынады.
31.10.2025
Ағымдағы жылы нарық бойынша дивидендтердің орташа кірістілігі екі еседен астам өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
09.10.2025
Қатаң ақша-несие саясаты кем дегенде тағы бір жылға созылады — сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы қазандағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
08.10.2025
Несие мөлшерлемелері мен депозиттер арасындағы спрэдтің төмендеуі банктердің консервативті несие саясатына әкелуі мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы 1 қазандағы Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелерге шолу ұсынады.