23.02.2021
20423 cапарлар
Сақтандырушылар табыста: 2020 жылы көрсеткіштердің өсуі екі таңбалы сандарға жетті

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2020 жылға арналған сақтандыру секторына шолу ұсынады.

Негізгі тенденциялар

  • Сақтандыру компанияларының активтері елдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан 2020 жылы 23,2 % -ға өсті.
  • Өмірді сақтандыру секторы озыңқы қарқынмен өсуде. ӨСК активтері 2020 жылы 37,7 %-ға өсті.
  • 2020 жылы сектордың таза сақтандыру сыйлықақылары 12,1 %-ға ұлғайып, 473,8 млрд теңгені құрады, ал таза сақтандыру төлемдері 2,7% - ға, 101,2 млрд теңгеге дейін қысқарды.
  • 2020 жылы сектордың таза пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 45,7 %-ға ұлғайып, 114,2 млрд теңгені құрады.
  • Бұл сектор пайдасының өсуіне сондай-ақ инвестициялық табыстың 76,8 млрд теңгеден 128,0 млрд теңгеге дейін ұлғаюы ықпал етті.
  • ӨСК таза пайдасы 2019 жылмен салыстырғанда 63,4 % -ға артып, 33,5 млрд теңгені құрады.

Кезеңнің қысқаша нәтижелері

Ел экономикасы үшін күрделі кезеңге қарамастан, сақтандыру секторы 2020 жылы күшті нәтижелер көрсетті. Мәселен, сектордың активтері 23%-ға өсті. Барлық сектор үшін өсудің негізгі нүктелерінің бірі өмірді сақтандыру болып қалады (ӨСК активтері 38%- ға өсті, жоғарыдан қараңыз).

Сектор активтерінің құрылымында ең көп үлесті бағалы қағаздар алады (барлық активтердің 69%-ы). Бағалы қағаздар портфелінің өсуі (+33%) және оның оң валюталық қайта бағалануы сектордың инвестициялық қызметтен түсетін кірісінің ұлғаюына (+67%) алып келді.

Сонымен қатар клиенттерге қызмет көрсетудің қашықтан форматына жедел көшу секторға қатаң карантиндік шектеулер кезінде сақтандыру қарқынын сақтап қана қоймай, осы қарқынның жеделдеуіне ықпал етті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша сақтандыру компаниялары 568,1 млрд теңгеге (+12%) сақтандыру сыйлықақыларын жинақтап тартты, ал таза сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 473,8 млрд теңгеге (+12%) дейін ұлғайды.

Сақтандыру сыйлықақылары көлемінің аталған ұлғаюы сектор кірісінің сақтандыру қызметінен 458,1 млрд теңгеге дейін (+15%) өсуіне алып келді. Сақтандыру және инвестициялық қызметтен түсетін кірістің өсуін ескере отырып және сақтандыру төлемдерінің бір мезгілде төмендеуі кезінде (оның ішінде карантиндік шектеулер мен сақтандыру жағдайларының төмендеуіне байланысты) сектордың таза пайдасы 2020 жылы 114,2 млрд теңгені (+46%) құрады. Осыған орай, сектор активтерінің орташа өлшенген рентабельділік көрсеткіші (RoAA) 2019 жылғы 7,1%-дан 2020 жылы 8,6%-ға дейін жақсарды, ал капиталдың орташа өлшенген рентабельділік көрсеткіші (RoAE) 15,6%-дан 18,9%-ға дейін өсті.

Экономикалық белсенділіктің күтілетін қалпына келуін ескере отырып және сақтандыру өнімдерінің салыстырмалы түрде төмен енуі аясында (орташа жалақы 222,3 мың теңге болған кезде сақтандыру сыйлықақыларының жан басына шаққандағы қатынасы — 27,6 мың теңге) — сектордың өсуі үлкен ықтималдықпен екі таңбалы сандар шегінде сақталады, бұған заңды және жеке тұлғалар тарапынан сақтандыру өнімдеріне қызығушылықтың артуы ықпал ететін болады.

  Шолуың PDF-нұсқасы

ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды.

ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.