30.11.2018
1620 cапарлар
Ақмола облысындағы қолма-қол жасалмайтын төлемдердің көлемі бір айда екі есе өсті

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2018 жылдың қазан айында қолма-қол жасалмайтын төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады

Ақмола облысында қазан айында қолма-қол жасалмайтын төлемдер сомасы қыркүйекпен салыстырғанда екі есеге көбейді, ал бұл кезде транзакциялардың саны тек 13,3% артты. Айта кетейік, облыс құрамына облыстық маңызы бар екі қала (Көкшетау және Степногорск), аудандық бағыныстағы 8 қала, 17 ауылдық аудан, 15 елді мекен және 245 ауылдық округ кіреді. Сонымен қатар, соңғы 12 айда аймақтағы қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемі 4,5 есе артып, 22,1 млрд. теңгені құрады.

Соңғы 12 айда қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының өсуі бойынша екінші және үшінші орындарда Қарағанды (2,5 есе өсті) және Алматы (2,4 есе өсті) өңірлері бар.

Дерек көзі: ҚРҰБ

2018 жылдың он айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылған төлем карточкалары бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 2,2 есе өсіп, 4,2 трлн теңгені құрады. Карточкаларды пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдер бойынша «орташа чек» қазіргі уақытта 11 355 теңгені құрайды, ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден 4,2 есе асып, ел бойынша 47 440 теңгені құрайды.

Дерек көзі: ҚРҰБ

Карточкалар бойынша қолма-қол жаалмайтын төлемдер көрсеткішінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы қыркүйекте 49% - ға жетті (карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлем 100% көрсеткішінде қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардың көлемімен салыстырылады). Бұл ретте операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол жасалмайтын транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем, қосымша банкоматтардан ақша алу) 33% -ға дейін өсті - өткен жылдың қазан айында бұл көрсеткіш 23% деңгейінде болды.

Дерек көзі: ҚРҰБ

Алматы қаласы төлем карточкалары бойынша қолма-қол жасалмайтын транзакциялар бойынша абсолюттік көшбасшы болып қалуда. Қала қыркүйекте елдегі қолма-қол жасалмайтын транзакциялардың жалпы көлемінің 64% -ын құрады. Алматы - Қазақстандағы жалғыз қала, онда қолма-қол ақшасыз төлемдер саны қолма-қол ақшаны алу сомасынан асып түседі.

Кесте 1. 2018 жылдың қазанында карточка бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдер:

Дерек көзі: ҚРҰБ

Сондай-ақ Сіздің назарыңызды карточкалық қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы құрылымында интернет-төлемдер үлесінің ұлғаюына аударғымыз келеді. Қазіргі уақытта аталған үлес 54% құрайды, яғни қолма-қол жасалмайтын  карточкалық төлемдердің қалған түрлерінен артық.

Дерек көзі: ҚРҰБ

Айналыстағы карточкалар саны соңғы жылы 19,7% - ға 21,8 млн карточкаға дейін өсті. Ағымдағы жылдың 01 қарашасындағы жағдай бойынша карточка ұстаушылардың саны 18,0 млн.ұстаушыны құрады (соңғы 12 айда+10%). Есептік күнге POS-терминалдардың саны 133,1 мың терминал (+8%) құрайды, ал сауда кәсіпорындарының саны бір жылда 78 699 кәсіпорынға (+3,7%) дейін артты.

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.