06.12.2018
1929 cапарлар
Он бір ай ішінде мұнай ұйымдары Ұлттық қорға 2,9 трлн теңге салық жіберді

Салық түсімдерінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,9%-ға артты

2018 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық қорына түскен түсімдер 4 750,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі түсімдерден 39,0% - ға артық (үш тоқсанның инвестициялық кірісін есепке алғанда). Оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар 62,9% - ға артып, 2 873,2 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, қорды басқарудан түскен инвестициялық табыс (үш тоқсан ішінде) 14,6% - ға 1 806,1 млрд теңгеге дейін өсті. Салық түсімдері бөлігінде ҚР-ның өнімді бөлу бойынша үлесі 527,2 млрд теңгеге 809,2 млрд теңгеге дейін өсті, ал КТС бойынша түсімдер 510,9 млрд теңгеге 1 119,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Желтоқсан айында салық түсімдерінің ағымдағы серпіні сақталған жағдайда, 2018 жылғы жиынтық түсімдер 3 168,2 млрд теңгені құрауы мүмкін.  

1-Диаграмма. Ұлттық қорға түсетін салық түсімдері: 

Дереккөз: ҚР ҚМ, ҚҚҚ

Ағымдағы жылы түсімдердің айтарлықтай артуы мұнайға қатысты жоғары баға, сондай-ақ мұнай өндіру мен экспортының өсуі аясында болды. Атап айтқанда, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 55,1 млн тонна мұнай экспорттады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 10,5% артық. Биылғы жылдың қараша айында мұнай экспортының көлемі 5,2 млн. тоннаны құрады, өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 5,0 млн. тонна. Сондай-ақ 2018 жылдың қазан айының басында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 86,7 АҚШ долларына дейін көтерілгенін еске саламыз, бұл 2014 жылдың аяғынан бастап максималды болып табылады.

2018 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2 600,0 млрд. теңге сомасында көзделген, ол қазір толық көлемде берілді. Есеп беру кезеңінде Ұлттық Қорды басқаруға байланысты шығындар жалпы 16,1 млрд. теңге сомасында қосымша төленді.

Барлық кірістер мен шығыстарды ескере отырып, Ұлттық қор қаражаты ағымдағы жылы 2 134,8 млрд теңгеге немесе 9,3% - ға, 25 059,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Алайда, долларлық баламада қор қаражаты 2,2% - ға, 69,0 млрд-тан 67,4 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. USDKZT жұбы бойынша курс 2018 жылдың 11 айында 11,8% - ға, бір доллар үшін 332,3-тен 371,6 теңгеге дейін өсті.

Өткен жылы республикалық бюджет Ұлттық қордан түскен трансферттерге қатты әсер етті және соның салдарынан рекордтық салық түсімінің 2,001,1 млрд. теңгеге және 1,429,0 млрд. теңгеге жоғары инвестициялық кірістің болуына қарамастан қордың қаражаттары 941,1 млрд. теңге қысқарды. Өткен жылы қордың жалпы сомасы 4,42 трлн. теңге пайдаланылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап үкімет республикалық бюджеттің Ұлттық қордан түскен трансферттерге тәуелділігін төмендетеді. Мәселен, Президент қол қойған "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңда 2020 жылдан бастап республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт теңгемен абсолюттік мәнде бекітілетін және екі трлн теңге мөлшерінде белгіленетін болады деп көзделген болатын. Бірақ жаңа ережеге біртіндеп көшу мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері кезең-кезеңімен төмендетілетін болады. 2018 жылы кепілдік берілген трансферт – 2,6 трлн теңгені, 2019 жылы – 2,3 трлн теңгені, 2020 жылы және одан кейінгі жылдары – 2 трлн теңгені құрайды деп жоспарланған болатын.

Алайда, 2018 жылғы 30 қарашада Президент қол қойған "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жаңа ережеге біртіндеп көшу көзделген. Мәселен, кепілдік берілген трансферт көлемі 2019 жылы 2,45 трлн теңгені, 2020 жылы – 2,3 трлн теңгені, ал 2021 жылы – 2,0 трлн теңгені құрайды. Сондай-ақ, ҚР заңнамасымен Ұлттық қордағы қаражат ЖІӨ-нің 30% - дан төмен болмауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар
05.02.2026
Банктер қымбат қаржы ресурстарына, салықтық жүктеменің артуына және реттеуші шектеулерге бейімделіп жатыр
ҚҚҚ Талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы банк секторына шолуын ұсынады.
04.02.2026
Жалпы сақтандыру нарығының табыстылығы төлемдердің артуына байланысты төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығына жасалған талдауды ұсынады.
23.01.2026
Қор нарығының капитализациясы 46,7 трлн теңге көрсеткішке жетті, бұл ел ЖІӨ-нің 29%-ына тең
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы Бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
16.01.2026
Жүйеде номиналды мөлшерлемелер өсуде, бірақ пайыздық айырма азайып жатыр
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) сараптамалық орталығы сіздің назарыңызға 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелерге шолуын ұсынады.
15.01.2026
Жоғары мөлшерлемелер ұзақ сақталады: қазір нарық үзіліс пен кейінірек абайлап жұмсартуды күтеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы қаңтардағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
19.12.2025
Инфляция, мөлшерлеме және кредиттік цикл: Қазақстанның 2026 жылғы макроэкономикалық күн тәртібі
2026 жылы ел экономикасы қатаң ақша-несие саясаты, ауқымды бюджет-фискалдық реформалар және сыртқы конъюнктураның салыстырмалы түрде қолайсыздануы қатар әсер ететін «тар өткелден» өтуге мәжбүр болады