29.10.2018
2082 cапарлар
БЖЗҚ: салымшылырдың шоттарына бөлінген кірістілік 7,75% -ды, ал тоғыз айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жинақталған деңгейі 3,3%-ды құрады

Қордың таза инвестициялық кірісі 2018 жылдың үш тоқсанында 623,6 млрд. теңгені құрады

2018 жылдың қазан айының басындағы жағдай бойынша зейнетақы қорының салымшыларының саны 10 292,7 мың адамға дейін артты, бұл өткен айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 38,9 мың шотқа артық. Салымшылардың жалпы санының 95,4% немесе 9 783,4 мыңы міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар болып табылады, олардың 9 509,1 мыңы жинақталған зейнетақы жинағынына ие. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың саны 40,8 мың адамды құрады, ал қалған 468,5 мың шот міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша ашылды.

Қазанның басында Қазақстан азаматтарының жалпы жинақталған зейнетақы қаражаты жыл басынан бері 1110,7 млрд. теңгеге немесе 14,2% -ға өсіп, 8 891,5 млрд. теңгені құрады. Еске салайық, 2017 жылы жинақталған зейнетақы қаражаты 16,4% -ға немесе 1,095,5 млрд. теңгеге өсті.

2018 жылдың алғашқы тоғыз айында зейнетақы жарналары 617,0 млрд. теңгені құрады, ал 2017 жылдың осындай кезеңінде жарналар 551,4 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылдың басынан бері зейнетақы төлемдері (сақтандыру компанияларына аударымдарын қоса алғанда) 130,9 млрд. теңгені құрады. 2017 жылдың осындай кезеңінде 161,58 млрд. теңге төленді.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ басқаратын БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелінің ағымдағы құны 8 895,1 млрд. теңгені құрады, бір ай ішінде 94,4 млрд. теңге және жыл басынан бері – 1120,3 млрд. теңгеге артты. Еске салайық, өткен жылы ЗА зейнетақы портфелі 1 306,48 млрд. теңгеге (+ 20,2%) өсті.

Есепті айда БЖЗҚ портфелінде елеулі өзгерістер болған жоқ. Бұл есептік айдың кірістерінің көпшілігі ҚРҰБ-мен (75,34 млрд. теңге) және ҚР ҚМ-мен (30,81 млрд. теңге) кері репо операцияларына жіберілуіне байланысты. Сондай-ақ, салымдырдың жалпы көлемінің 48,6 млрд. теңгеге дейін 859,6 млрд. теңгеден 811,0 млрд. теңгеге дейін төмендеуін атап өткен жөн Депозиттердің негізгі қысқартуы шетелдік банктерге тиесілі.

Мәселен, қыркүйек айында шетелдік банктердегі салымдарды өтеу 178,2 млрд. теңгеге өтелді, ал орналастырылған салымдардың көлемі 73,51 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар есепті күнге ҚРҰБ депозиттері 190,1 млрд. теңгені құрады. БЖЗҚ портфеліндегі квазимемлекеттік сектордың шетелдік эмитенттерінің құралдарының саны аздап өсті. Осылайша облигацияларды StateGridOverseas (+7,2 млрд. теңге) және Sinopec GRP Overseas (+ 1,5 млрд. теңге) сатып алынды. Көрсетілген Қытай компаниялары тиісінше, FortuneGlobal 500 тізімінде екінші және үшінші орынға ие екендігін ескертеміз.

Кесте 1.  БЖЗҚ ЗА қаражаты:

Дерек көзі: БЖЗҚ

Сонымен бірге Қазақстанның ЕДБ-дағы инвестиция көлемі 16,5 млрд. теңгеге артып, 1 577,8 млрд. теңгені құрады, ал портфелдегі үлес өзгеріссіз қалды - 17,9%. Бұл ретте ЕДБ облигацияларына инвестициялар 33,7 млрд. теңгеге ұлғайды, депозиттер 13,5 млрд. теңгеге төмендеді, ал портфельдегі үлес 3,7 млрд. теңгеге арзандады. Облигациялардың бөлігінде «Цеснабанк» АҚ бағалы қағаздарын 20,0 млрд теңгеге және «Банк ЦентрКредит» АҚ облигациялары 9,4 млрд. теңгеге сатып алынған (номиналды құны) екенін атап өткен жөн. KASE-ге сәйкес, осы ЕДБ облигацияларының өтеуге кірістілігі жылына 12,0% құрады.

2-кесте. ҚР-ның ЕДБ-іне инвестицияланған БЖЗҚ ЗА қаражаты:

Дерек көзі: БЖЗҚ

Акцияларға қатысты, Халық банкінің үлестік бағалы қағаздарының пакеті есепті айда 3,56 млрд. теңгеге арзандады. Халық банкінің акцияларының құны қыркүйек айында 4,7% -ға - бір акция үшін 98,23-тен 93,57 теңгеге дейін төмендеді, бірақ бүгінгі күні олар бір акция үшін 105 теңге сатылады. Халық банкінің үлестік бағалы қағаздар құнының өсуі ағымдағы жылдың басынан бастап 27,0% -ды құрайды.

Диаграмма 1. Халық банкінің акцияларының бағасы:    

Дерек көзі: KASE

Депозиттерге келсек, Астана банкіндегі депозиттің негізгі қарызын өтеуге 3,0 млрд.теңге екенін ескертеміз  Сондай-ақ, TengriBank-тегі (-2,7 млрд. теңге), Нұрбанк (-1,8 млрд. теңге), AsiaCreditBank (-1,1 млрд. теңге) және бірқатар басқа банктердегі салымдар ішінара мерзімінен бұрын өтелді.

3-кесте. Есепті айда салымдар бойынша негізгі қарызды өтеу туралы ақпарат:

Дерек көзі: БЖЗҚ

2-диаграмма. Қазақстанның ЕДБ инвестицияланған ЗА қаражаты:

Дерек көзі: БЖЗҚ

Қордың таза инвестициялық кірісі 2018 жылдың үш тоқсанында 623,6 млрд. теңгені құрады, ал 2017 жылдың осындай кезеңінде табысы 462,2 млрд. теңгені құрады. Еске салайық, Қордың таза инвестициялық кірісі өткен жыл бойы 550,56 млрд. теңгені құрады. Сонымен бірге, 2018 жылдың басынан бастап салымшылардың шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 7,75% құрады. Қорды басқаруға жұмсалған комиссиялық сыйақы қаражаты 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 39,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың алғашқы үш тоқсанымен салыстырғанда 22,4% -ға артты.

Аналитикалық материалдарды кез-келген қолдануға afk.kz дереккөзі гиперсілтемесі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

 

Соңғы жаңалықтар
21.04.2026
2025 жылы Қазақстан импортының шамамен 30%-ын Ресей Федерациясы қамтамасыз етті
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымына жасалған шолуды ұсынады.
21.04.2026
Инфляция қарқынының тежелуі нәтижесінде нақты мөлшерлеме 7%-ға көтерілді
ҚҚҚ талдау орталығы назарыңызға 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын ұсынады.
10.04.2026
2025 жылы жаңа несиелерге сұраныс 13,7% төмендеді
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылғы екінші деңгейлі банктердің бөлшек несиелеу нарығына шолуды ұсынады.
09.04.2026
Макроэкономикалық жағдайлардың жақсаруына байланысты нарық базалық мөлшерлеме бойынша үзілісті күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы сәуірдегі жекелеген индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
07.04.2026
Экономикадағы жаңадан берілген несиелердің 50%-дан астамы корпоративтік секторға тиесілі
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылғы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге қатысты шолуды ұсынады.
26.03.2026
Қытаймен өзара тауар айналымы $34,1 млрд деңгейіне жетіп, жалпы сыртқы сауданың ширек бөлігіне жуықтады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға Қазақстан мен Қытай арасындағы 2025 жылғы тауар айналымы бойынша сараптамалық шолуды ұсынады.