30.11.2025
1146 cапарлар
Бизнесті несиелеу 16%-ға ұлғайды: өсімнің негізгі қозғаушы күші – орта және ірі кәсіпорындар

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айында кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.

Негізгі үрдістер

  • 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінің қорытындысы бойынша банктік сектор бизнеске ₸15,2 трлн көлемінде жаңа несие берді. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% немесе ₸2,1 трлнға көп. Берілген жаңа несиелердің 91%-ы екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылды.
  • Несие алушылар санаты бойынша орта бизнеске берілетін несиелер 25%-ға, ірі бизнеске 21%-ға өскен, ал шағын кәсіпорындарда өсім салыстырмалы түрде төмен, 8%-ды көрсетті.
  • Несие беру динамикасындағы дивергенция орта және ірі кәсіпорындарда төменгі мөлшерлеменің өсімімен (сәйкесінше +0,85% және +1,28% б.п.), өтініштердің жоғары мақұлдану көрсеткішімен (орта және ірі бизнеске берілетін өтініштердің мақұлдану ықтималдығы дәстүрлі түрде жоғары), инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың іске асырылуымен, сондай-ақ «Өрлеу» бағдарламасы мен «Даму» портфельдік кепілдігі арқылы жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділікпен байланысты болуы мүмкін.
  • Айта кетейік, «Даму» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген қаржыландыру көлемі қараша айының соңына (20.11.2025) ₸626 млрд құрады (2024 жылы – ₸254 млрд), кепілдік беру – ₸675 млрд (2024 жылы – ₸445 млрд), субсидиялау – ₸375 млрд (2024 жылы – ₸1,0 трлн).
  • Салалар бойынша орта бизнес тарапынан сұраныстың негізгі драйверлері болып көлік (+250%), байланыс (+154%) және ауыл шаруашылығы (+41%) салалары есептелді. Ірі бизнес үшін негізгі салалар – өнеркәсіп (+54%), құрылыс (+42%) және көлік (+40%) болды. Бұл өсім экономиканың жедел өсуімен байланысты, ол компаниялардың айналым капиталын қаржыландыру мен өндіріс қуатын кеңейту қажеттілігін арттырды.
  • Шағын бизнес сегментінде жаңа несиелердің өсу қарқыны айтарлықтай төмен болды (+8%). Бұл, бір жағынан, пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылауына сезімталдықтың күшеюімен (+2,70 б.п.), екінші жағынан, қаржылық тұрақтылығының төмен болуына байланысты өтініштердің мақұлдану үлесінің дәстүрлі түрде аз болуымен түсіндіріледі (шағын кәсіпорындар арасындағы қаржылық тұрақты компаниялардың үлесі 17,6%-дан 16,6%-ға дейін қысқарған). Сонымен қатар, бизнес ортасындағы жалпы кедергілер – салықтық жүктеменің деңгейі, бәсекелестік, экономиканың жай-күйі және т.б. факторлар да әсер етті.
  • Салалар бөлінісінде портфель көлемінің айтарлықтай өзгерістері байқалады (төменде қараңыз). Бұл құбылыс қарыз қаражаттарының жоғары айналымдылығымен, төмен база әсерімен (әсіресе, байланыс саласында), сондай-ақ несиелерді санаттар арасында қайта жіктеумен байланысты.
  • Ұзақ мерзімді несиелердің (1 жылдан жоғары) үлесі ірі бизнес бойынша 10% деңгейінде қалып отыр (2024 жылдың 9 айында – 13%), орта бизнес ішінде — 32% (23%), ал шағын бизнес бойынша — 60% (51%).
  • Жүйедегі жалпы мөлшерлемелердің өсуіне қарамастан (төменде қараңыз), ШОБ үшін ұзақ мерзімді несиелер үлесінің артуы жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларының қолжетімділігінің кеңеюіне байланысты болуы мүмкін. Аталған бағдарламалар қарыз қаражаттарының түпкілікті құнын төмендетіп, банктер үшін тәуекелдерді ішінара өтеуді қамтамасыз етеді. Бұл ШОБ кәсіпорындарына ұзақ мерзімді ресурстар тартуға мүмкіндік береді.
  • Ағымдағы тоқсанда қазан айындағы базалық мөлшерлеменің көтерілуіне (16,5%-дан 18%-ға) байланысты несиелеу шарттарының біршама қатаңдатылуы күтіледі. Соған қарамастан, жылдық мәнде берілетін өтініштер санының өсуі сақталуы ықтимал. Бұл дәстүрлі түрде іскерлік белсенділіктің жеделдеуімен, айналым капиталына жоғары сұраныспен және жеңілдетілген қаржыландыру көлемінің ұлғаюымен байланысты.

     

Резюме

Осы жылдың қаңтар–қыркүйек айларында несиелеудің негізгі өсім драйверлері ірі және орта бизнес болды. Бұл олардың жоғары несиелік қабілетін, қаржылық ақпараттың айқындығы мен болжамдылығын, ақша ағындарының тұрақтылығын және сапалы кепілмен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Аталған факторлар банктерге олардың өтініштерін жедел әрі үлкен көлемде мақұлдауға, несиелік ірі лимиттерді ұлғайтуға және тәуекелі төмен сегменттерге шоғырлануға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде, ақша-несие талаптарының қатаңдатылғанына қарамастан, несиелеу көлемінің өсуі сақталды.

Кәсіпкерлердің банктік қаржыландыруға белсенді тартылуы қарыз алушылар базасының кеңеюімен дәлелденеді: несие алған бизнес субъектілерінің саны 528,0 мыңнан 576,3 мыңға дейін өсті (+9,1%).

Клиенттік базаның өсуі сұраныстың қайта бөлінуімен қатар жүрді: несие берудің ең айтарлықтай өсуі өндіріс пен айналым капиталының жеделдеуіне байланысты салаларға түсті — өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығы. Бұл экономикалық белсенділіктің кеңеюі мен кәсіпорындардың несиеге деген сұранысының өсуі арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.

Шағын және орта бизнес тарапынан ұзақ мерзімді несиелерге қызығушылық сақталуда, бұл жеңілдетілген қаржыландыру құралдарына қолжетімділіктің кеңеюімен байланысты. Аталған бағдарламалар пайыздық мөлшерлемелердің өсуінің әсерін бәсеңдетіп, ШОБ кәсіпорындарына тіпті қарыз құнына жоғары сезімталдыққа қарамастан, айналым капиталы, инвестициялар және негізгі құралдарды жаңарту үшін ресурстар тартуға мүмкіндік береді.

Төртінші тоқсанда қазан айындағы базалық мөлшерлеменің 16,5%-дан 18%-ға өсуіне байланысты несиелеу шарттарының біршама қатаңдатылуы күтілуде. Дегенмен, жылдық мәнде өтініштер санының өсімі болжанып отыр. Бұл маусымдық іскерлік белсенділіктің жеделдеуі, айналым капиталына қажеттілік және ШОБ сегментінде жеңілдетілген бағдарламаларға қызығушылықтың жалғасуымен байланысты.

Экономиканың салалары бойынша 2025 жылдың төртінші тоқсанында несие алуды жоспарлап отырған кәсіпорындардың ең үлкен үлесі өңдеу өнеркәсібіне (22,8%), ауыл шаруашылығына (14,7%) және саудаға (14,1%) тиесілі. Бұл салалардағы кәсіпорындардың айналым капиталына, жүзеге асырылып жатқан жобаларға және маусымдық сатып алуларға қажеттілігін көрсетеді. Жалпы алғанда, бұл корпоративтік несиелеудің төртінші тоқсанда да оң динамикасын сақтауға мүмкіндік береді, дегенмен ақша-несие талаптарының қатаңдатылуына байланысты өсім қарқыны біршама баяулау ықтималдығы бар.


Шолуын PDF-нұсқасы

ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды. ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.