07.03.2019
2196 cапарлар
Елена Бахмутова KASE-де гендерлік теңдікке арналған сауда-саттық ашты

KASE Қазақстан қор биржасы гендерлік теңдікке арналған "Ring the Bell for Gender Equality" сауда-саттығының ашылу рәсімін өткізді. Іс-шара Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымымен, Дүниежүзілік банкпен және Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) "Тұрақты қор биржалары" (UN SSE бастамасы) бастамасы шеңберінде үшінші рет өткізіліп отыр.

Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған және гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің құқықтары мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ олардың қоғамдағы рөлін арттыру маңыздылығын атап өтуге арналған.

«KASE  БҰҰ-ның тұрақты даму принциптерін, соның ішінде гендерлік тең құқықты қолдайды және бизнестің назарын аударуға және ұйымдарда гендерлік теңдікті сақтауға өз үлесін қосуға тырысады. Тұрақты бизнес-тәжірибелерді жүйелі жүзеге асыру – кез келген ұйым қызметінің тиімділігінің кепілі»,  деді ашылу салтанатында KASE басқармасының төрайымы Алина Алдамберген.

KASE сауда-саттығының ашылу салтанатына еліміздің қоғамдық-саяси және қаржы-экономикалық саласына үлес қосатын танымал қазақстандық әйелдер қатысты. "БҰҰ-әйелдер" құрылымының Қазақстандағы өкілі Илейн Конкиевич және Орталық Азиядағы Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Лилия Бурунчук шақырылды.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар қоғамды қалыптастыруда елеулі табыстарға қол жеткізді. Қазақстанда әйелдер мен ерлерде еңбекке, білім алуға, әлеуметтік қорғауға және медициналық көмекке тең негізгі құқықтары бар. Дегенмен, корпоративтік басқаруда әйелдер ер адамдарға қарағанда аз дәрежеде ұсынылған", – деді өз сөзінде Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) басшысы Елена Бахмутова.

Ресми бөлімнен кейін Елена Бахмутова арнайы гонгты соғып, сауда-саттықты ашты.

Дүниежүзілік экономикалық форум дайындаған "The Global Gender Gap Report – 2018" есебіне сәйкес Қазақстан 149 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды. Өткен жылы аталмыш рейтингтегі позиция жоғары болды – 52 орын. Бұл ретте сарапшылар жағдайдың нашарлауына байланысты емес, гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша жаңа шаралардың болмауына байланысты позиция төмендегенін атап өтті.

Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 60-тан астам биржалар БҰҰ-ның осы бастамасына қосылады. Ring the Bell for Gender Equality бастамасы түрлі елдердің биржалық алаңдарында бизнес-қоғамдастықтың көшбасшы әйелдерін, мемлекеттік органдар мен басқа да салалардың өкілдерін жинайды.

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.